Пікірлер - Галия Иманбекова (1)

Галия Иманбекова пікір жазуСертификат алу 7 сәуір 2015 в 11:19+2
Сіздерге көп РАХМЕТ! Бұндай сайттың бар болғаны мұғалімдерге өте қажет: пікір алмасып, тәжірибе бөліскенге не жетсін. Бірін-бірі танымаса да көріп-білісіп жатпаса да қаншама адамды байланыстырып тұрған сайтқа қалай риза болмайсың?
Дегенмен, бір ойланатын жағдай - неге сертификат ақшаға беріледі екен? Түсінемін, ол сайтқа финанстық қолдау. Ресейлік сайттар қолма-қол береді ғой сертификатты.
Аттестация өтетін мұғалімдер Ресей халықаралық сайттардан сертификатын өткізсе, оны керек қылып жатқан ешкім жоқ, отандық қайда дейді. Әрине, олардікі де дұрыс. Отандық ақша тұратынын қайсі бір айта бересің? Осы жағын ойластырсаңыздар деген ұсыныс айтқым келеді. Мұғалімдер де менің еңбегім біреуге болмаса біреуге көмек қой деп жібереді ғой жұмысын. Әсіресе жастарға. Мен де ССП, КСП жіберіп отырмын. Оны құрастыру оңай емес екеніне көзім жетіп, басқаларға көмек болсын деп отырмын. Рахмет.
Кеше де осындай әңгіме болды.
Сәлеммен, Иманбекова Ғалия Тұрғанбекқызы, Балқаш қ.