+58 RSS-лента RSS-лента

НҰр+1

Блог авторы: Нургиза Кульджина
Жүгіріп өт
60 жастан асқан апайына бауыры: светофорсыз жаяулар өтетін жерден жүгіріп өт, себебі асықпай шіреніп өткендерді машинаның ішіндегі жүргізушілер: " жүрісін қарашы, шіреніп әкең, шешең .." деп боқтайды депті.
Аузы қисайыпты
Белгілі суырып салма ақын Надежда Лучникова: баласын түйе табаны жазылсын деген оймен төркініне ауылға жіберіпті, келгенде баласы қазақшаны ұмытып орысша сөйлесе керек. Сонда апамыз: баламның аяғы түзелгенмен, аузы қисайып кетіпті ғой - депті.
Иассауидан қалған сөз
Бисмиллаһ - деп сөз бастап, хикмет айтып,
Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым міне.
Тақуалық жолын тұтып, қайғы жұтып,
"Дафтар сәни" беттерін аштым міне.
Ахмет Иассауи
Бір үйдегі "жемқор" мен "патриот"
Отағасы үйіне жұмыстан концтоварлар әкеліп қояды, әйелі мұғалім екен де оның әкелгендерін мектепке таситын көрінеді. Отағасы бір күні: Мен үйге тасимын, сен далаға тасисың - деп режіпті. Сонда әйелі "Сен жемқорсың, мен патриотпын"- деген екен.
телефоным қайда???
Жас келіншектің бір кезде телефоны есіне түсіп, қараса телефоны жоқ. Содан қарайтын жердің барлығын қарап, бұлқан талқан болып жүрсе, жолдасы "Әй, құдай біледі, балаң жоғалса бүйтіп іздемессің, сірә?!" депті.
Асаба өз ойын айтты, ойланып көрейік!
Жақында келін түсірген тойға бардым, сондағы асабаның қалжың шыны аралас бір сөзіне әбден күліп едім. Соны жазып отырмын. Асаба:"бұрын тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың деуші едік қой, қазір ол 12 жылдық оқуда өзгерген. Ол қазір "биттей болып кіресің, иттей болып шығасың" -деп айтылады. Сол сияқты келінге осы үйге келін болып кіресің, кемпір болып шығасың-демекпін - деп еді.
Ризашылық
19 мамыр күні ҰБТ тапсыратын оқушылрға өз блогім арқылы ақ тілек жазған едім. Сол тілегім қабыл болғанына қуанып отырмын. Қазақстан тарихынан Санат 24 ұпай, Еркежан 22 ұпай жинады. Жыл бойы алған білімдерін көрсете білгендері үшін оқушыларыма риза болып отырмын.
"Женщинаға" жеткізсін
Кеңес өкіметі заманына 18 жастағы жас қыз қалаға келіп,автобусқа отырса, біреулер оған "женщина" деп сөйлеген ғой. Себебі толық, беті жалпақ. Басында көңілім түсіп, ренжідім дейді. Келесі күндері құлағым үйрене бастады, құдай осылар айтқан "женщинаға" жеткізсін! деп өзімді-өзім жұбаттым-деп күледі.
Мода
Әкесі мен анасы қонаққа баруға дайындалып, киініп жатады. Әкесі: осы костюмді кисем сүмірейіп қалатын сияқтымын, өйіткені иығым жоқ қой деді өзіне көңілі толмай. Оны естіп отырған қызы: Папа қазір иық жоқ модада-деді. Сонда иығы барлар мода деп иықтарын шауып тастай ма? деді күліп әкесі.
Ақ тілек.
Қазіргі сәтте бір жағынан мектепті бітіру, екінші жағынан ҰБТ тапсыру - осы екі үлкен толқыныс үстінде жүрген мектеп бітіруші түлектерге ұстаз ретінде жетістік, табыс, абырой, қуаныш, әр қайсысы ойлаған армандарына жетуіне шын жүректен тілектеспін!
Мен Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындап жүрген оқушыларым Санат, Азамат, Дәулет, Еркежан, Айжандарға СӘТТІЛІК тілеймін! Жыл бойы дайындалған еңбектерін Алла жандырып, жүректерін қуанышқа кенелтсе екен деп тілеймін!
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар