Үлес және бөлшек

12 қараша 2018 - Асем Молдыбаева

Математика ойын әлемінде

Жарияланды 30-03-2013, 23:30 Категориясы: Математика 

"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім"
(Мұхтар Әуезов)

Тақырыбы: «Математика ойын әлемінде» (6 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін — өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты

Типі: ойын түрінде

Жоспары:
1. Математикалық эстафета
2. Жұмбақтар
3. Шырпымен ойын
4. Ассоциация
5. “Сиқырлы дөңгелек”
6. Көңілді санау
7. Қорытынды

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Математика ойын әлемінде» атты математикалық сайысына қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.)
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
6«А», 6 «Б» сыныптарының қыздарын_________________________
6 «А», 6 «Б» сыныптарының ұлдарын__________________________
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
— дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Жоспары:
Математикалық эстафета
Жұмбақтар
Шырпымен ойын
Ассоциация
“Сиқырлы дөңгелек”
Көңілді санау
Қорытынды

Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп келесі сайысымыз «Математикалық эстафета» сайы

- 3863903

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)