Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар 2 сынып

Қысқа мерзімді жоспар

Әдебиеттік оқу

Бөлім: "Дені саудың-жаны сау"

 

Мектеп:

Тақырыбы:

Денсаулық , тазалық  туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын  

Мерзімі:

Мұғалімнің тегі, аты:

Сынып: 2

Қатысқан

оқушылардың саны

Қатыспаған оқушылардың саны

Сабаққа  негізделген оқу  мақсаттары

2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау

2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары,  әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп оқиғаның соңын болжайды.

Кейбір оқушылар: алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп оқиғаның соңын болжайды.

Пәндік лексика және терминология:

Денсаулық-здоровье-health

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Асанның тазалыққа бет бұруына анасынан басқа тағы не әсер етті?

-Асан неге жуынбады?

-Асан айнаға қарамаса, өзінің қандай екенін білер ме еді?

Осыған дейін меңгерілген білім

Денсаулық, тазалық туралы әңгімелей алады.

                                                                          Жоспар

 Жоспарланған уақыт

 Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс мазмұны

Ресурстар

Қызығушылықтарын ояту

Басталуы

Ширату.

Бір, екі! Еңкей

Бүгілмесін тізең.

Үш, төрт, шалқай!

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға,

Саусақты соқ жасқанба.

Орындықта тік отыр.

Бойыңды әркез тік ұста

Лабиринт кестесі

 

Мағынаны тану

 

 

Ортасы

"Көргіш болсаң, байқап көр"

Лабиринттен бөлімге қатысты сөздерді тап.

(Денсаулық, тазалық, спорт)

Топқа бөлу.

Қима сөздер арқылы үш топқа бөлу.

Мақсат қою.

Мәтіннің бастапқы бөліміне сүйене отырып, соңын болжау.

Топтық жұмыс.

Болжау әдісі арқылы жүргізіледі.

Мәтіннің бастапқы бөлігін слайдта ұсынамын.

Мәтіннің бастапқы бөліміне сүйене отырып, соңын болжау.

Өз болжамдарын ортаға салу.

Толық мәтінді дауыстап оқушыларға оқыту.

Диалогке түсу.

Берілген сұрақтарға жауап алу.

1.  Асанның неге жуынғысы келмеді?

2.  Асанның анасы баласын неге аяды?

3.  Анасы неге күрсінді?

4.  Ұлына қандай ақыл айтты?

5.  Асан өз іс-əрекетіне неліктен ұялды?

6. Неліктен Асанды анасы «аппағым», туыстары «Аппақ бала»

деп атаған?

Қорытынды жасау.

Ұжымдық жұмыс

Асанның жуыну туралы түсінігіне не кінəлі:

-жалқаулық;

-әдет;

-судың жоқтығы.

Жалқаулық туралы мақалдар айту.

Жұптық жұмыс

Мақал-мәтел, жұмбақ,әңгіме, өлеңдерді сәйкестендіру.

Әмір әжесінің баласы болғандықтан, өзін еркін ұстайды. Үйдегілерге бағынбай, қит етсе "Әжеме айтамын",-деп байбалам салып жүргені...

 

Мақал

Мінсем, төмен зу етем,

Өрлесем, оны өзім сүйретем.

 

 Өлең

Жүріңдер, балалар,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай

Шынықсын денеміз!

 

Жұмбақ

Денсаулық-зор байлық

 

Әңгіме

Өздік жұмыс

Мақалдарды аяқтап жаз.

Шынықсаң, шымыр… .

Тазалық-денсаулық ...  .

Олақтан салақ… .

Денсаулық-зор… .

Керекті сөздер: боларсың, кепілі, жаман, байлық.

Қалыптастырушы бағалау.

Тапсырма

Берілген үзіндіні мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

       Самат ұйқысынан кеш оянды. Таңертеңгі асын апыл-ғұпыл ішті де, мектепке жинала бастады. Баласының бұл ісін көрген анасы:

– Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақтансаң қайтер еді? — деді.

– Тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар? – деп, Самат анасына таңдана қарады....

 

Сұраққа жауап жаз.

-Саматқа қалай жауап берер едіңіз?

Қай кейіпкердің ойымен келісесіз? Неліктен?

Қима сөздер

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте

 

 

 

Жұмыс дәптері

 

Аяқталуы

"Мәңгілік ел" идеясының құндылығын ашу.

Денсаулықты сақтау үшін таза жүру қажет. Деніміз сау болса, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосарымыз анық.

-Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

-Неден қиналдың? Неліктен?

 

 

 

 

Қосымша мәліметтер

 

 

 

Өткізілген сабақ бойынша мұғалім рефлексиясы

Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі: _____________________________

Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді: ____________________________________

Оқушылардың белсенділігі:  _____________________________________________________

Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы: ________________________

Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: ____________________________________

 


 

- 2551169

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар