Даңғой.Есентай Ерботин

23 ақпан 2017 - Дана Ержігітова

Сабақтың тақырыбы: Даңғой. Есентай Ерботин

Сабақтың мақсаты:  1. Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру. «Даңғой»  өлеңімен таныстыру;

                                      2. Сөздік қорын, ой – өрісін, танымдылық қабілеттерін дамыту;

                                      3. Адамгершілік тәрбие беру. Жаман әдеттер мен жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: тірек сызба, дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың көрнекілігі:        Күн шапағы, тірек сызбалар, автордың портреті, ребус, тақырыпқа сай плакаттар.

 

Сабақтың барысы:

                                               І.Ұйымдастыру бөлімі

— Сәлеметсіздер ме?

— Сәлеметсіз бе!

                                               ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-         Балалар, үй жұмысына не берілді? (Амандасу салты атты мәтін)

-         «Амандасу салты» атты мәтініне кім дайындықпен келді?

-         Жарайсыңдар, балалар, үй жұмысына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер!

 

ІІІ. Өткен сабақты қорыту

-         Қане, тақтаға қарайықшы, балалар, біздің күніміздің бетін бұлттар жауып қалыпты. Өздерің білесіңдер күн болмаса айналаның барлығы қараңғы болады. Күннің нұрынан барша тіршілік нәр алады. Ал енді осы күніміздің бетіндегі бұлттарға дұрыс жауап беріп күнімізді жарқыратайық.

 

Дамыта оқыту технологиясы бойынша сұрақтар:

1.     «Сәлем» сөзі арабтың қандай сөзінен шыққан?

2.     «Ассалаумағалейкүм» сөзінің қазақша мағынасы қандай?

3.     Амандасу түрлерін ата?

4.     Жастардың амандасу түрлері қандай түрде болады?

5.     «Уағалейкүмассалам» қай уақытта айтылады және қандай мағына білдіреді?

6.     Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?

 

IV. Жаңа сабақ

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру:

Ребус. Жауабы: мақтаншақ

-         Иә, дұрыс. Сәлемдесуді әдепті әрекетке жатқызсақ, мақтаншақтықты қандай әрекетке жатқызамыз?

-         Әдепсіз.

-         Қане, балалар, тақтаға қарайық.

 

Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда?

-         Дәйек сөзде не туралы айтылған? (мақтаншақтық)

-         Иә, дұрыс. Бүгін біз мақтаншақтық туралы Есентай Ерботиннің «Даңғой» атты мысалын оқимыз. Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазып алайық.

 

1940 жылы Павлодар облысы,                                              «Өрнек», «Өнеге»,

[Овал: Есентай Ерботин] Баянауыл ауданында туған                                        «Менің досым» атты

кітаптары бар

 

 

 

Алғаш рет «Балдырған» журналында                         Е.Ерботин 1992 жылы

балаларға арналған өлеңі жарияланды                                 дүниеден өтті.

 

-          «Даңғой» деген сөзді қалай түсінеміз?

Мысалды өзім оқимын, содан соң оқушыларға тізбектей оқытамын.

 

                                               Даңғой

                                               (Мысал)

 

Көрінбей көзге бір қияр,

Қалтарыста қалыпты.

Көңілінде зор қиял,

Маңайға жар салыпты:

«Қарамай суық жауынға,

Қар түскенше мен өсем.

Қарбыз бенен Қауынға

Қайтсем – дағы теңесем!

Үстемелеп салмағым,

Алып болам, нән болам!

Топырақтың бір нәрін

Тататын тек мен болам», -

Деді байғұс күрсініп,

Даңғойланды, мақтанды.

Желөкпелік қырсығы

Барлық сырын ақтарды.


 

Бірақ болмай дегені,

Жетті уақыт мөлшері.

Тамырының қорегіі

Таусылды да, ол семді.

Жарамады жеуге де,

Адам қолға алмады.

Жарамады жемге де,

Мал маңына бармады.

Жарамаса кәдеге,

Құр жатқаннан не пайда?

Өндірмесе дәнеме,

Мақтанғаннан не пайда?

 

 

IV. Оқулықпен жұмыс

-         Ал, енді барлығымыз тізбектей оқып шығайық.

-         Қане, оқушылар, мысалдың астындағы сұрақтарға назар аударайық.

-         Мысалдан қиярдың сөзін тауып, мәнерлеп оқы.

-         Мақтанғаннан қияр қандай күйге ұшырады?

-         Мысалда қорытынды ой айтылған жолдарды тауып оқы.

Сергіту сәті

                   Сағаттың тіліндей

                   Иіліп оңға бір,

                   Сағаттың тіліндей

                   Иіліп солға бір.

                   Оң аяқ, сол аяқ

                   Жаттығу оңай – ақ.

 

V. Дәптермен жұмыс

-         Балалар, дәптерімізді ашып, сызбаны дәптерлерімізге толтырайық.

 

Сызбаны дәптерлеріне толтыру

Мысалда берілген сөздер                                Мағынасы

 

 

                                      V. Жаңа сабақты бекіту

-         Ал, енді «даңғой» дегенді толтырайық. Даңғой мақтаншақтық, өзін-өзі асыра бағалау, айналасын менсінбеу.

 

 

                                            

                                                      Даңғой

 

-         Жарайсыңдар! Мақтаншақтық – жаман әдет. Құр мақтанғаннан іспен дәлелдеп көрсеткен жөн.

 

Ой толғау

-         Қане, оқушылар, оқулығымыздағы 8-тапсырмаға назар аударайық.

-         Барлығымыз ішімізден оқып, өз ойымызды айтайықшы.

Базарға 1 кг қияр алуға келдің. Қолыңда 80 теңге ақша бар. Бір жерде біркелкі қияр сатылып жатыр. Бағасы – 100 теңге. Екінші жерде үлкен-үлкен қияр сатылуда. Бағасы – 70 теңге. Қайсысын аласың? Неліктен?

 

                                               VI. Үйге тапсырма беру

1.     Мысалды түсініп оқу.

2.     Даңғой қиярдың суретін салып келу.

 

VII. Бағалау

Сабақ барысында жұлдызшалар арқылы әр оқушыны бағалаймын.

 

- 2551178

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар