Баяндама

RSS-лента

 

ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Жандосова Лора Серікбайқызы

№ 3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

 

12 қазан 2014 - Лора Жандосова | Толығырақ | 0 пікір | 5316 көрілім
Тегтер: парадигма, білім беру

  Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтеріліуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

15 қазан 2014 - Админ | Толығырақ | 1 пікірлер | 24879 көрілім
Тегтер: білім беру, 12 жылдық

 «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі

 «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

  Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

21 қазан 2014 - Админ | Толығырақ | 0 пікір | 2085 көрілім
Тегтер: баяндама, ақпараттық технология

Бұл жылқы жылының алғашқы айының соңғы күндері еді. Мені мектебіміздің директоры Хадиша Таубағылқызы өз кеңсесіне шақырып алды. Директор ханым маған « Дауренбек сен ақпан айында болатын мұғалімдердің біліктілігін арыттырудың ІІІ негізгі деңгейіне барасың! Не айтасың?» — деді. Мен ойланбастан барамын дедім. Себебі маған дейін мектебімізде осы ІІІ деңгейлік оқуда болған мұғалімдердің сабағына, оқушылармен жұмыс жасауына қызыға да қызғана қарайтынмын. Тәжірибеден өтіп келген мұғалімдердің сабағына қатысқанда оқушылардың сабаққа қалай ынталы қатысқанын көргенде, тақырыпты қалайша тез жеңіл меңгеріп алғандығы, топпен жұмыс кезінде бір-бірін тыңдап, ұжымдық жұмыс көрсеткендері мені жаңа мақсаттарға жетелеп, шабыттандыратын. Өзім де сол мұғалімдер сияқты біліктілігімді арыттырып, жаңа форматтағы, жан-жақты, оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін меңгерген мұғалім болуды қаладым. Бұл мүмкіндікті бір жарым жыл күттім. Директорға «мен қашан барам, мен неге бармаймын» деген мәселемен бірнеше рет жолыққан да едім. Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік еді.

17 қараша 2014 - Дауренбек Хурмет | Толығырақ | 1 пікірлер | 6961 көру
Тегтер: есеп
Әдебиетті оқытуда интербелсенді оқушы даярлау жолдары

 Бүгінгі заман талабы білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба алатын іскер және өмірге икемді адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан да мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

29 қаңтар 2015 - Күлзия Есенқызы | Толығырақ | 1 пікірлер | 3377 көрілім
Тегтер: ұлттық педагогика

Жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру аса қажет.Балаларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, болашақтың тірегі болатынын, дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

Жаңашыл технологиялар - білім сапасын көтерудің кепілі.

Адам баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек. Ол – тән азығы мен жан азығы. Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тән азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік сияқты адамның күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететіндер жатады. Ішкі жанымызбен, түйсігімізбен сезінетін рухани дүниені меңгеруге ұмтылу – жан қалауы.

11 ақпан 2015 - Marat sapargaliev | Толығырақ | 0 пікір | 2058 көрілім
Тегтер: жаңашыл технологиялар

Математика кемелді логикалык жүйеге ие ғылыми пән, ал математикалық мәселелерді шешу өте кұрделі әрі нәзік, әрі қатаң тәртіппен жүргізілетін ойлау формасы. сондықтан математикалық мәселелерді шешкенде жан-жақтылы ойламай, немқұрайды шешсе оңай қателесуге болады. сондықтан орта мектеп математикасындағы оңай қателесетін бірнеше мәселелерге талдау жүргізбекшімін.

12 ақпан 2015 - Күлзия Есенқызы | Толығырақ | 0 пікір | 2088 көрілім
Тегтер: талдау, математика

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Елбасымыз жыл сайын xалқына жолдауында білім саласын ешқашан естен шығармай Білім саласындағы ұстаздық жолында бала тәрбиелеу білім беру оқуда жаңа — тәсілдер қолдану қазіргі заманда алға қойылған өзекті мәселе Соңғы бірнеше жылдар барысында Мемлекетіміз білім беру және денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлуде.

16 ақпан 2015 - Гүлнар Адреисова | Толығырақ | 1 пікірлер | 6070 көрілім
Тегтер: мақала, кембридж