Сайтқа кіру
Астана қаласы. ҚазҰӨУ дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты.
Математика мұғалімі Нурханова М.Х.
Тақырыптық тест тапсырмалары
Тақырыбы. Алғашқы геометриялық ұғымдар
1 нұсқа
Толықтырыңыз:
1. Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым _____________________
2. Берілген тұжырымдаманы ретімен талдау арқылы ақиқаттығына көз жеткізу ______________ деп аталады.
3. Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура ____________ фигуралар деп аталады.
4. Кесіндінің ұзындығы өзінің кез келген нүктесімен бөлінген бөліктерінің ұзындықтарының _____________________ тең болады.
5. Кез келген жарты түзудің бойына оның бас нүктесінен бастап ұзындығы берілген ______________өлшеп салуға болады және ол тек _____________ болды.
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
6.Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігі
А) сәуле
В) кесінді
7. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш
А) вертикаль бұрыштар В) ішкі айқыш бұрыштар С) сыбайлас бұрыштар
Д) ішкі тұстас бұрыштар
8. Жазыңқы бұрыштың шамасы
А) 90° В) 180° С) 100º
9. Сыбайлас бұрыштардың градустық өлшемдерінің қатынасы 4:5 болса, олардың айырмасы
А) 10° В) 80° С) 20º
10. Сыбайлас бұрыштардың биссектрисаларының арасындағы бұрыш шамасы
А) 90° В) 60° С) 10º
11.Екі параллель түзу мен қиюшының арасында пайда болған ішкі тұстас бұрыштардың айырымы 48° болса, онда осы бұрыштардың кішісі
А) 42° В) 68° С) 60º Д)66º
12. Үшбұрыштың екі бұрышы х және у болса, оның үшінші бұрышы
А) 180°- (х+у) В) 90°-х-у С) 360º-(х+у)
13.Үшбұрыштың бір қабырғасы х см, ал қалған екі қабырғасы 4х см, 6х см бола ала ма?
А) иә В) жоқ
14. Үшбұрыштың бір бұрышы 68° болса, басқа екі бұрышының биссектрисалары арасындағы бұрышы
А) 112° В) 168° С) 124º Д)162º
Жауаптары:
1.геометрия
2.дәлелдеу
3.тең
4.қосындысына
5.кесіндіні, біреу
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
В | С | В | С | А | Д | А | В | С |
2 нұсқа
Тақырыбы. Алғашқы ғеометриялық ұғымдар
Толықтырыңыз:
1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі ______________________
2: Геометрияның негізгі ұғымдары ____________________________________
3. Түзудегі үш нүктенің біреуі және тек біреуі қалған екеуінің ________________жатады.
4. Түзудің берілген. нүктесінің бір жағында жатқан барлық нүктелерінен тұратын
бөлігі _____________________
5. Егер сәуле бұрыштың төбесіне шығып, оның қабырғаларының арасында жатса, онда берілген бұрыш пайда болған бұрыштардың ___________________________ тең болады.
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
6. Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болып келетін екі бұрыш
А) вертикаль бұрыштар В) ішкі айқыш бұрыштар С) сыбайлас бұрыштар
Д) ішкі тұстас бұрыштар
7. Перпендикуляр түзулер жасайтын әр бұрыштың шамасы
А) 90° В) 180° С) 100º
8. Сыбайлас бұрыштардың градустық өлшемдерінің қатынасы 2:7 болса, оларды ң айырмасы
А) 110° В) 90° С) 120º
9. Жазыңқы бұрыштың бөлігі болатын бұрыштың шамасы
А) 120° В) 160° С) 150º
10.Екі параллель түзу мен қиюшының арасында пайда болған ішкі тұстас бұрыштардың айырымы 24° болса, онда осы бұрыштардың кішісі
А) 62° В) 78° С) 50º Д)64º
11.Егер катет гипотенузаның жартысына тең болса, онда осы катетке қарсы жатқан бұрыштың шамасы
А) 40° В) 45° С) 30º
12. Тік бұрышты үшбұрыштың екі сүйір бұрышының биссектрисаларының арасындағы доғал бұрышы
А) 145° В) 120° С) 150º Д)135º
13.Үшбұрыштың бір қабырғасы 2х см, ал қалған екі қабырғасы 4х см, 6х см бола ала ма?
А) иә В) жоқ
14. Үшбұрыштың бір бұрышы 126° болса, басқа екі бұрышының биссектрисалары арасындағы бұрышы
А) 121° В) 163° С) 124º Д)153º
Жауаптары:
1.планиметрия
2.нүкте, түзу
3.арасында
4.сәуле
5.қосындысына
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
А | А | С | С | В | С | Д | В | Д |
Математика → Алгебра және геометрия байланыстары
Математика → Алгебра және геометрия пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары (7 сынып)
- 4826433
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл