БАЛАБАҚШАДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

1 қазан 2016 - Күлзия Есенқызы

БАЛАБАҚШАДА  МАТЕМАТИКАЛЫҚ  ҰҒЫМДЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ӘДІСТЕРІ

 

Сұлтанова Айдана

Балабақшаның кіші топ тәрбиешісі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Сүйіндік ауылы

 

 

 

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.

Балабақашаның міндеті  —  оқыту- тәрбиелеу жұмысында балаларды дамыту, сөздік қорларын молайту, ақыл-ойын толық  дамыту. Ақыл- ойы толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді. Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Сабақ — әр мұғалiмнiң шығармашылық жұмысы. Мұғалiмнiң кәсiби бiлiмi қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген тәрбиеленуші де  соншалықты  ақыл-ойы дамыған, сауатты болады. Көп iздену, дайындалу, көрнекiлiктер, қосымша әдебиеттердi орынды қолдана бiлу – тәрбиешінің негiзгi мақсаты.

Топқа баланы қабылдап бастаған кезде олардың физиологиясына назар аудару керек. Мысалы  мен жылда 2-3 жас балаларды қабылдағанда  балалар аса сергек болады, айналадағы заттарды тыным таппай түсінгісі келеді, айналамен  қатынас жасап талпынады, қиялдары — қызық, тілдері бал десе де болады. Он екі мүшесі толық жетіліп, мың бұралып қозғалысқа келгенін былай қойғанда, өздері тоқтамай жүгіреді, билеп беруге бар. Бұл жастағы сәбилердің де жүріс-тұрысының бәрі де сән! Айналадағы табиғатты тануы — қандай тамаша болса, көрген-білгендерін айтып берер тілі де -сондай шұрайлы бастайды. Оның психологиясындағы аңғарғыштығы мен сезінгіштігі соншама нәзік күйіне ауысады. Тәрбие үстінде сонау бір ғажайып қасиетті барынша сәтті пайдаланса, оның берер жақсылығы көп.

Мен  тәрбиеші ретінде өзімнің тәжірибемде байқағаным кіші топтағы тәрбиелеп отырған балалармен жұмыс жүргізетін кезде пайдаланатын көрнекіліктерім  неғұрлым тиімді  болғаны жақсы, ал ол болса, балалардың қиялдауы мен ойлауын дамытады. Мысалы математикалық алғашқы ұғым қалыптастыруда геометриялық фигураларды пайдаланудың маңызы зор. Атап айтқанда әртүрлі математикалық ұғым қалыптастыру үшін соған сай тақырыпта ойын түрінде ұйымдастырған жөн. Мысалы:

Пішіндер әлемі

Геометриялық фигуралар дайындағанда  көлемдері бойынша әртүрлі етіп  дайындау қажет, соның негізінде  балаларда  көлем, пішін, саны  жайында түсінік қалыптасады.Бала сипаттағанда :

«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен», «кішкентай – кішірек – ең кішкентай», «биік – биігірек – ең биік», «ауыр – ауырырақ – ең ауыр», «жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл», «терең – тереңірек – ең терең», «жарық – жарығырақ – ең жарық», «қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т.б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйрету керек..

Ортақ бір белгісіне қарай айыра біл

Сабаққа қажетті карточкаларды немесе заттарды топтауға арналған қатты қағаздан кесілген және түрлі түсті сымнан жасалған әр түсті үш шеңбер баулар дайындау қажет.

Жіктеудің ең қарапайым түріне нақты заттардың атаулары бойынша жіктеу жатады: мысалы, балалар ойыншық топтарының ішінен көліктерді, аңдарды, қуаршақтарды, доптарды және т.б. таңдай алады.Кіші топ  жасының ерекшелігін ескере отырып ең оңай түрі – жалпы ойыншықтардың іштерінен көліктерді таңдап алу, ойыншықтарды  көлеміне, ақшыл түстісінен қоңырқай түстісіне қарай бөлу, яғни түс ажырата білу.

 

Санына қарай салыстырайық ойыны

Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың  көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет. 

Қорыта айтқанда, тәрбиелеу-оқыту үдерісінде бала  педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, зияткерлігі, құзыреттілігі дамиды, зейіні, байқағыштығы шоғырланып, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды, жеке тұлға болып дамиды, ой-өрісі кеңейеді, жан-жақты дамиды.

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту.Бұл кезең баланың іс әрекетінің қалыптасуымен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға  берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады.Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды, Баланың логикалық ойлау түсігіні ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін)  теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді. 

Қорыта айтқанда,  әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу, әр тәрбиешінің парызы. Шығармашылық жаттығулар балалардан тек қана математикадан білім емес күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тапсырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логикалық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғымын терең түсіну керек.

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.      Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)

Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «зерек бала»

2.      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

3.      «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

4.      Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

5.                  Интернет материалдары

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

- 6147222

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!