"Отан тарихы"

9 желтоқсан 2017 - Инабат Онгалбаева

1-жүргізуші

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

 2-жүргізуші:

Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

 

Армысыздар құрметті мектеп қонақтары мен ата-аналар, ұлағатты ұстаздар мен қымбатты оқушылар!

Бүгінгі «Отан тарихы» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

2-жүргізуші: Еліміз Егемендік алған  жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп,қарқынды даму үстінде келеміз.Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды.

Алғашқы сөз мектеп директоры… беріледі.

«Елім менің»атты өлеңімен ...(оқушы)

 1-жүргізуші: Ал, енді тарихымыздың тамырына терең үңіле кетсек:

        1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

 2-жүргізуші: 16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп жарияланды.1991 жылы 21 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрылды.

1-жүргізуші:  1992-қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.Дәл осы жылдың  4-маусымында Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

2-жүргізуші:   1992 жыл 11желтоқсанда Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік Әнұраны бекітілді.2006 жылы сөзіне өзгерістер енгізілді.

1992 жылы қаңтарда республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды және алтын қорын жинау басталды.

1-жүргізуші:  1992 жылғы қыркүйек,қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституция қабылданды.

1993- 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

2-жүргізуші:  1993жылы 5 қарашада Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық стиендиясы белгіленді.

 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

Баяндама  «Тәуелсіздік — тірегім» оқитын ...(оқушы)

Көрініс. (Тәуелсіздік жылдары. Желтоқсан оқиғасы. Қиын кезеңдер. Бодандықтан босаған әсерлі күндер.)

1-жүргізуші: 1994- 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының АССАМБЛЕЯСЫ құрылды.

2-жүргізуші:   

1996- Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды. 1997 жылы қазанда Н.Ә.Назарбаевтың “ҚАЗАҚСТАН-2030” атты жолдауы жарияланды.

1997- «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

1-жүргізуші:

1997жылы 7мамырда Қорғаныс Комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып құрылды.1995 жылы 15 қыркүйекте Президенттің республика астанасын Ақмола қаласына көшіру туралы жарлығы шығып,1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.

 «Нұр Астанам» (өлең шумақтары) оқитын ...(оқушы)

  2-жүргізуші:   

1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын АСТАНА деп атауға жарлық шығарды.

1998- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

1999- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

1-жүргізуші:

2000- «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

 Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.

2001- Тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

 «Отаным» (өлең шумақтары)  ...(оқушы)

  2-жүргізуші:   

2002- «Денсаулық» жылы болды.

8 тамыз – Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды

2003- Ресейдегі Қазақстан жылы.

1-жүргізуші:

2003-2005- Ауыл жылдары.

2009жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 5000 студент шетелде білім алуға мүмкіндік алды.

  2-жүргізуші:   2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті. 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалаларында қысқы Азиада ойындары өткізілді.

1-жүргізуші: 2012жылы Лондонда 30-шы жазғы олимпиада ойындары өткізілді.Оған қатысқан 150-ден астам мемлекеттің ішінен Қазақстан 7алтын, күміс және 5 қоланы жүлделеніп,12-ші орынды иеленді. Бұл да еліміздің жеткен жетістіктерінің жемісі деп білеміз.

2-жүргізуші: Ал, 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі Астанада өткізіледі. Кеше ғана Франция астанасы Парижде өткен жасырын дауыс беру нәтижесінде Белгияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен Қазақ елі астанасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша жас та болса бас қаламыз Астана Қазақстанды айдай әлемге таныта білген алғыр қадамы арқылы тағы бір тамаша ерлік жасай білді.

Сонымен, Бұл елеулі оқиғаны толығырақ баяндайтын ...(оқушы)

(«ЭКСПО-2017» толық баяндау)

1-жүргізуші:

 «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Бұл Елбасымыз  Н.Назарбаев елге арнаған елеулі сөзі.

2-жүргізуші.   Ия, Қазақстан – дамыған,өркениетті, әлемге танылған аса ірі мемлекеттердің бірі ғана емес, бірегейі де бола білді.

 Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих...  Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды… Еліміздің кешегісін тарих беттеріне сақтап, бүгінінен сабақ алып, ертеңін баянды ету арқылы өзінің ЕГЕМЕН ЕЛ екенін дәлелдей алады.

ҚР-ның Мемлекеттік Туы туралы баяндайтын ...(оқушы)

1-жүргізуші:  Алпауыт Империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері.

2-жүргізуші:Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік –батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасымен толығырақ таныстыратын ...(оқушы)

 1-жүргізуші:   Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км.  Қазақстан аумағының көлемі –2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Канада,Қытай (ҚХР), Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Бразилия, Австралия,Үндістан, Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орын алады.

ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны жайлы баяндайтын ...(оқушы)

Кезек көріністе. (3 елдің Президенттерінің бас қосулары. Өзара әңгімелерінен үзінді. Ел жағдайы, экономика, жұмыс барыстары мен жеткен жетістіктері туралы әңгімелеседі.)

2-жүргізуші:   «Жалғанда қазақтан асқан жомарт елді көрген де, естіген де емеспін. «Өзім дегенге өзегін суырып береді» деген әсірелеп айтылған сөз шығар. Ал өзі жаяу қалса да астындағы жалғыз атын түсіп беретіні құдайдай шындық. «Сый қылсаң сыпыра қыл» дейді, қазақ. Бұл қазақ біреуді шын сыйлағысы келсе барын базарға салады. Тереңде жатқан асылын да, ардақтысын да бетке шығарады.»Бұл Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Айдархан Тұрлыбайұлының қазақ туралы айтқан сөздері болатын

 1-жүргізуші:«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз!

 2-жүргізуші:    Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті.  Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.

«Астана»әнімен ...(оқушы)

1-жүргізуші: Біз, Отанымыздың тарихын зерделеп,өткенін ұмытпай, бүгінін қастерлеп, келешегінен үміт күттіретін білімді де жігерлі жастармыз.Сапалы білім, саналы тәрбие алу арқылы білікті маман болып, еліміздің қарқынды дамуына маңызды үлес қосамыз.

2-жүргізуші: Ия, расында да ел болашағы біздің, яғни жастардың қолында.Әлемдік аренадағы дамыған,өркениетті,әділетті мемлекет болу үшін талмай еңбек ету-біздің азаматтық міндетіміз.

Ән. Орындайтын ...(оқушы)

Қорытынды.

1-жүргізуші:  Бұл ұрпақтың білім алып сапалы да саналы,

 Біздің қолда болашаққа жалаулатып барары.

 Отбасы мен мектеп және мемлекет боп бірлесіп,

 Бекемдесін құйып құрыш Қазақстан іргесін.

 

 2-жүргізуші:  Тілін, дінін, ұлтын және сүйетұғын Отанын

 Ұлт мүддесін жоғары ұстап қорғайтұғын атағын

 Жаса мәңгі, жаса ұлан ,қайтпас қайсар жас ұрпақ,

 Жаса мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан — алтын тақ!

 

1-жүргізуші.Осымен біздің «Отан тарихы» атты ашық сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

2-жүргізуші. Сау саламатта болыңыздар!

 

Қосымша: (Оқушыларға жаттауға)

Ту

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған! Б.Бәмішұлы

 

Елтаңба

Дүние әлем көзіндей,

Дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны-

Кереге қанат қамалы.

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ-күн, уық-нұр.

Мәңгі сенбес күйінде,

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пыпағым.

Хас тұғырға қондырған

«Қазақстан» -Ұраным.

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!

 

Әнұран

Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс-

Айтылатын ар, затым.

Жұртымның мұң, мұратын

Құлқыма құйып тұратын

Сіңірген тұла бойыма,

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыКолледжге 100 жыл

- 6183920

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!