Қағаз майлықты сәндеп бүктеу.

1 қазан 2016 - Құралай Орманова

Алматы облысы

Райымбек  ауданы

Сарыжаз  орта  мектебінің

Технология  пәні  мұғалімі

Нусипова  Алия

Сабақтың тақырыбы: Қағаз майлықты сәндеп бүктеу.

Сабақтың мақсаты:

1. Дастарқанға қойылатын қағаз майлықты сәндеп бүктеуді үйрену.

2. Шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал ету.

3. Ептілікке, ұқыптылыққа баулый отырып, әсемдік пен әдемілікке үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, майлық түрлері, шанышқы, шай қасық .

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:   

ІІ.  Психологиялық ахуал                                                                                                                           

Оң  жағымда айды көрдім,            

Сол жағымда айды көрдім,      

 Ал қасымнан досым сені көрдім

ІІІ. Жаңа сабақ.  

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

ü Балалар, дастарқанда қалай отыру керек?

ü Оқушылардың жауабын тыңдау

ü Шанышқыны қай қолға ұстау керек?

ü Пышақты қай қолға ұстау керек?

ü Дастарқанда қағаз майлықтарды не үшін қолданады?

Үлкен дастарқанда екі түрлі: мата және қағаз қолданылады. Қағаз майлық – дастарханның міндетті бір бөлігі. Майлықты дастарқан жапқыштың түсіне орай сәйкестендіріп немесе бір түсті етіп таңдауға болады. Қағаз майлық тазалық сақтауға өте ыңғайлы.

   «Дастарқан басында отыру» ережесін еске түсіріп, көрсетуге болады

-         Сусын ұрттардан бұрын майлықпен ауызды сүрту керек.

-         Мата майлықты тамақ ішіп болған соң, тәрелкенің ішіне емес жанына қояды.

-         Пайдаланылған қасық, шанышқыларды майлықтың үстіне емес, тарелкеге салу керек.

 

ІV. Құрал-жабдықтарды түгендеу.

1. Қағаз майлықтар

2. Шанышқы

3. Пышақ

4. Шай қасық

 

V. Сарамандық жұмыс

Қасық пен шанышқы салатын қалташа дайындау

1.            Қағаз майлықты жазып, екі бүйірінен ортасына қарай бүкте. Бүктелген бетін теріс қарат.

2.            Екі шетін ортасына қарай қалташа жасап бүкте. Дайындалған қағаз қалтаға шанышқыны салып, тағы бір бүктеп, қасықты саламыз.

VІ. Сергіту сәт.

Қағаз майлықты гүл тәрізді бүетеу

1 — тәсіл

1.   Шаршы пішінді майлықтың бетін жазамыз.

2.    Қиғаш сызық бойымен бір бұрышын екінші бұрышына беттестіріп бүктеу.

3.   Майлықты екі жаққа кезек қаттап бүктейміз.

4. Бүктелген майлықты қыр түсіру үшін үстінен қатты басып, саусақпен жүргіземіз.

5.   Екі ұшын қосып, ортасына қасық пен шанышқыны қойыңдар.

 

2 — тәсіл

1.    Бір бұрышын қайырып, ұшын ортаңғы нүктеге түйістір. Осы әдіспен төрт бұрышын да  бүкте.

2.  Бетін теріс қарай аударып, төрт бұрышын тағы да ортаңғы нүктеге түйістіріп бүкте.

3.  Әрбір бұрышын ашып, гүл күлтелерін жаса.

 

Мерекелік қағаз майлықты бүктеу

1.    Төрт бүктелген майлық қағазды диоганаль сызығы бойынша бүктеп, бүгу сызығын түсір.

2.    Қағазды жазып, бір жақ бұрышының ұшын ортаңғы нүктеге қарай бүкте.

3.    Диогональ бүгу сызығы бойымен тағы бір рет бүкте.

4.    Шаршы пішінді майлықты дәл ортасынан теріс бетіне қарай екіге бүкте.

5.    Қиғаш бүктелген қалташаға қасық, шанышқыны салып қоюға болады.

 

VІІ.Сабақты қорыту.

 

-         Майлықты дастарқан басында не үшін қолданады?

-         Майлықты не үшін сәндеп бүктейді?

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру. Майлықты басқаша бүктеу тәсілін жасап келу.

 

ІХ. Бағалау. Әр оқушының алдындағы бүктелген майлықтар мен ас ішу

құралдарының орналасуына қарай бағалау.

Осыған ұқсас жазбалар:

Күнтізбелік жоспарТехнология - 5 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат, (қыздарға)

ТехнологияШи тоқу өнері

Күнтізбелік жоспарТехнология 7 сынып, аптасына – 1 сағат, күнтізбелік, (қыздарға)

Күнтізбелік жоспарТехнология – 6 сынып, күнтізбелік, аптасына – 1 сағат (қыздарға)

ТехнологияСабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен іліп тоқу

- 5825578

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!