Әлеуметтік желі

30 қаңтар 2017 - Нургул Койшыбаева
Әлеуметтік желі

Жоспарланған  іс-әрекеттер:
 Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

— сабақ мақсатымен таныстыру;

Алдыңғы біліммен байланыс:

ЖЖ. Оқушыларға  әлеуметтік желілердің логотиптері беріледі. Өз таңдауы бойынша  әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы  топ алдында таныстыратын хабарлама дайындайды. Алдыңғы сабақтағы екпін түрлеріне байланысты критерий ескеріледі:

Бағалау критерийі:

Екпін түрлерін ажыратады, орынды қолданады.

ЖЖ.Тыңдалым алды тапсырма: оқушылар берілген пікірлермен танысады, өз таңдауларын жасайды, себебін түсіндіреді: келісемін                    ішінара келісемін                    үзілді –кесілді қарсымын

Пікірлер:

Әлеуметтік желіде көп отырғаннан психологиялық күйзеліске ұшырайды.

Әлеуметтік  желі арқылы танысу өте қауіпті.

Киберқылмыскерлер туралы көп естіп жүрміз.

Әлеуметтік желі арқылы өзінің өмірлік жарын тапқандар бар.

Ғаламтордың, әлеуметтік желілердің артықшылығы көп деп есептейді, бірақ соның кесірінен адамдардың шынайы өмірде араласуы азайып бара жатыр.

Әлеуметтік желілер барша пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Адамдардың көпшілігі әлеуметтік желідегі достарының парақшаларына қарап, өзінің қашан сондай керемет суреттер салатынына мазалы.

Құрбыларымен «лайкқа» немесе коментарий қалдырғанына  бола бірде ренжісіп, бірде татуласу жиі кездеседі.

Кері байланыс:

Осындай шешім қабылдауыңа не себеп? Расымен де біздің өміріміз үшін әлеуметтік желі қауіпті мепайдалы ма?

Тыңдалым кезіндегі тапсырма:

https://www.youtube.com/watch?v=gc3P4MM1MQI

Детальді ақпараттарды жазып отыру

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Т. Джигсо әдісі

 Баяндаушы –детальді ақпараттарды қолдана отырып, мәтінді баяндайды;

Суретші –детальді ақпарат бойынша график жасайды;

Байланыстырушы – берілген тіркестерді детальді ақпаратпен байланыстырады.

Ізденуші –берілген тіркестердің мағынасын анықтайды, байланыстырушыға көмек береді.

— ешкімнің ала жібін аттамау

— жанды жегідей жеу

— жаны зәр түбіне жету

— жарғақ құлағы жастыққа тимеу

— жұлдызы оңынан туу

— жібі түзу

— ине шаншар жер жоқ

— инемен құдық қазғандай

Сұрақ құрастырушы –детальді ақпараттар бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастырады.

Таразылаушы – детальді ақпараттарды таразылайды (маңызды, маңызды емес, шынайы, т.б.)

Таныстырылым жасау кезінде бірдей рөлдер бірлесе жұмыс жасайды. Оқушылар бағалау критерийіне сүйенеді.

Баяндаушылар тобы (детальді ақпараттарды қолдана отырып, ең маңызды тұстарын таныстырып өтеді)

Суретшілер тобы (жасаған графиктерін тақтаға сызады, таныстырады)

Ізденушілер тобы (тұрақты тіркестердің мағынасын айтып, мысалдар келтіреді)

Байланыстырушылар тобы (тұрақты тіркестерді қолданып, детальді ақпараттармен байланыстырады)

Сұрақ құрастырушылар тобы 

Таразылаушылар тобы 

 Кері байланыс:

Оқушылар бір –бірінің жұмысына кері байланыс береді.

Рефлексия:

Менің сабақтағы рөлім:

Рөлдік тапсырманы орындауым:     жетік               жақсы              қанағаттанарлық

Себебі:                               

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Білім жаңалықтарыҰБТ туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат жалған

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

- 6182234

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!