Шәкәрім рухына арнау

12 сәуір 2017 - Кенжегул Бекбаева

Безродных атындағы орта мектебінің

8а сынып оқушысы

Сулейменова Мейірім

Шәкәрім рухына арнау

Жырларын Шәкәрімнің,

Жүрегіммен

Жатқа оқып, жандай сүйген қыз едім мен.

Көзіме елестейтін ақын кейпі

Қол бұлғап тұрғандай боп жыр елінен.

 

Хикметтері, қасиетті, қара өлеңі,

Семейің, қасиетің бар әлемің.

Өмірдің өріміне санап едім,

Өлеңнің өрнегіне балап едім.

 

Құмарттым жан сырының тазасына,

Мұң арттым наласы мен назасына.

Абайдан тәлім алған шәкірт едің,

Жастарға бар жақсыңды үйреткенсің.

 

Дәл өзіңдей жырларың қарапайым,

Мен оны керегіме жартайын.

Талдауым түсінікті болу үшін,

Жырларын ырымменен таратайын.

 

Өмір — өзен Шәкәрім толқындары,

Өшпес өрнек жасауда сом тұлғалы.

Бүгін және болашақ ұрпақ үшін,

Жазылуда естелік сен туралы...

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ әдебиетіАрнау

Қазақ әдебиетіМахамбет рухына арнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ тіліАбай атама арнау

- 5370443

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!