Асық ойыны

Мұғалім: Киреева Б.К.

Пән: Қазақ тілі

Сынып:3 «В»

Тақырыбы: "Асық" ойыны
Мақсаты:

1.Балаларға ұлттық ойындар арқылы сөйлеу сөздік қорын байыту, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.
2.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу.

3.Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке, сауаттылыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ребустар, суреттер, ұлттық ойындар, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: Ойын — сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,ұлттық ойындар ойнау.
Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі: 

— Балалар, «Сәлем сөздің анасы»  деген екен, сондықтан келген қонақтармен амандасайық.

Білер қазақ баласы.

«Сәлем сөздің анасы»

Үлкендерге құрметпен,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз 

2.     Тіл дамыту сұрақтары.

-Сыныпта бүгін кім кезекші? Кімдер жоқ?

-Бүгін ауа райы қандай? т.б

3.Үй тапсырмасын тексеру: Берілген сөздерді оқып, түсіну.

Ұлттық-национальный, ойындар-игры, сырға –серьги, сақина –кольцо.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

-Өткен сабақтарда біз не туралы айттық?

– Ойын дегеніміз  не?

– Ол спорт, өнер, дене шынықтыру, тәрбие құралы.

.– Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

 – Алтыбақан, айгөлек, тақия тастамақ, бәйге, қыз қуу, Ақсүйек, Көкпар.

-Ұлттық ойындардың қандай түрлерін өттік?

— Дойбы, тоғызқұмалақ, сақина салу ойындары.

1.     Жаңа тақырып:

Жаңа тақырып бойынша видеоролик көрсету.

-Бұл  қандай ұлттық ойынның түрі?

–Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының  ұлттық ойынының бір түрі «Асық» ойыны.

Жаңа сөздермен танысу: ойыншы –игрок, анықтау –определить, сақа – асык залитый свинцом.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда, – дегендей сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі және ең озық ойлы топты анықтаймыз. Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. «Көктабан» және «Қолқар» топтары. Ендеше  топтың, атауларын түсіндірейін. «Көктабан»  тобы –қорғасын құйылып жасалған, салмағы бар асық. Ал, «Қолқар» тобы – арқардың асығы.
«Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, логикалық  тапсырмалар орындалады.
— Олай болса, жарысымызды бастайық.
1 – тапсырма.  "Бәйге"   «Иә, жоқ»
Алматы қала ма?  Иә

Есіл өзен бе?   Иә

Балқаш көл ме?   Иә

Жайық   қала ма?  Жоқ

Өскемен көл ме?  Жоқ

Қазақстан қала ма?  Жоқ

Желтоқсан өзен бе?  Жоқ

Ақтөбе   қала ма?   Иә

2 – тапсырма. «Хан талапай ойыны»
Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық
Аты оның – асық.

Ойының шарты: қоржынға 1-ден 8-ге дейін нөмірленген асықтар салынады. Оқушылар асықты алып, оның нөміріне сәйкес келген сұрақты оқып, оған жауап береді.

1 — сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?   (Көктем)
2 — сұрақ. Қазақ тілі сабағы қай күндері болады? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі.)
3 — сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?   (Бүгін аптаның 4-ші күні бейсенбі).

4 — сұрақ. Қазақстан көлдерін ата?  (Каспий, Арал, Балқаш т.б)

5 -сұрақ. Сыныпта неше терезе бар? (Сыныпта үш терезе бар.)

6 -сұрақ. Сен қай көшеде тұрасың?

7-сұрақ.  Сен қай күні демаласың?  (Сенбі, жексенбі.)

8-сұрақ. Жер шарымыздың 4 бағытын ата?  

(Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік)

3 — тапсырма Ребус шешу.

Шыққан сөзбен сөйлем құрастыру.

Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай» биі

Асық ойыны.

Сабақты қорытындылау: «Қорытынды сөз»

Асық ойыны-ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл  қазынамыз!

Рефлексия: Оқушылар себетке өздерінің көңіл күйлерінің суретін салып, бүгінгі сабақты  бағалайды.

Үй тапсырмасы: Сөздерді жаттау.Асық ойыны туралы әңгімелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- 5370440

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!