Абай атама арнау

12 сәуір 2017 - Кенжегул Бекбаева

Безродных атындағы орта мектебінің

8а сынып оқушысы

Сулейменова Мейірім

Абай атама арнау

О, ата қара сөздің өресі едің!

Өлеңнің құдіретті төресі едің.

Жасындай жарқылдаған жыр тарланы,

Жасанды ақындардан емес едің.

 

Зымыра! Көсіл ақын, көсіл енді,

Жақтаса ел ақынын өсіреді.

Жолдардан қиын — қыстау жүріп өттің,

Табам деп қара өлеңнен несібемді.

 

Шыңғыстау бөктерлері — туған жерің,

Бала боп шалғындарын басып өттің.

Ақынның мейірімі ақ шуақ қой,

Адамға құшағыңды ашып өттің.

 

Жырыңа қалғандаймын көгенделіп,

Айтамын мен өзіңді өрен болып.

Жырыңмен дүниені жалт қаратып,

Өмірден өткен едің өлең болып!

 

Сол Абайдың сезіңсең құдіретін,

Өсиетіне ұрпағы үңілетін.

Аузындағы ақылын ат көтермей,

Сесті атаның белі де бүгілетін.

 

Ізгілік пен бақыттың қанатында,

Игілердің ілгері санатында.

Абай атам мұрасы — миллиондарға,

Дара тарих, дара шың, дара тұлға!

 

Өзің достым, Абайды білесің бе?

Керегі жоқ мадақтау бұл есімге.

Білмегеннің иісі қазақ емес,

Хақы жоқ көшімізге ілесуге.

 

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ әдебиетіМахамбет рухына арнау

Қазақ әдебиетіАрнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ тіліШәкәрім рухына арнау

- 5675196

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!