Әдебиеттегі құндылықтар. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

1 сәуір 2017 - Жанша Текеева

   Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Текеева Жанша Тажибаевна

Пән: қазақ әдебиеті  11-сынып Т1

Бөлім:  Әдебиеттегі құндылықтар. Мұхтар Әуезов  «Абай жолы» роман-эпопеясы

Сабақтың тақырыбы:     Романның «Кек жолында», «Қарашығын» бөлімдері                 

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:   

·         Б/С5 Постерлерді, медиа құралдарын, ғаламторды, пайдаланып, ғаламдық тақырыптар бойынша креативті ой қозғап,  шынайы өмірмен байланыстырып, салыстырып, бағалап шығарма жазады.

·         А/И8 Мультимедианы қолдана отырып, әдеби шығарманың тиімділігін талдайды. 

Сабақтың мақсаттары:

 Барлық оқушылар:

·         Постерлерді, медиа құралдарын, ғаламторды, пайдаланып, шынайы өмірмен байланыстырып, салыстырып, бағалап шығарма жазады.

Көптеген оқушылар:

·         Мультимедианы қолдана отырып, әдеби шығарманың тиімділігін талдайды. 

Кейбір оқушылар:

ғаламдық тақырыптар бойынша креативті ой қозғап,  шынайы өмірмен байланыстырып, салыстырады

Жетістік  критерийлері:

[*]       Мультимедианы қолдана отырып, әдеби шығарманың тиімділігін талдайды. Медиа құралдары арқылы ой қозғап,  шынайы өмірмен байланыстырып, салыстырып айтады.

[*]       Ғаламторды пайдаланып, ғаламдық тақырыптарды креативті бағалап, шығарма жазады.

Тілдік мақсаттар:

                  Пән лексикасы және терминология: қарашығын, ән ырысы,

                  Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

                  Маған ұнаған тұсы… Менің ойымша,… Мен өз пікірімді білдірсем..

Мектеп құндылықтары:   Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық;  ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық;

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, АКТ

Осыған дейін меңгерілген білім: АИ1. Классикалық шығармалардағы  автор көзқарасына  сараптау жасап,  тақырыбына анализ жасайды                  

Сабақтың бастапқы кезеңі

Ұйымдастыру жұмысы.

Сабақтың мақсаты таныстырылады.

Бүгінгі сабақта «Кек жолында», «Қарашығын» бөлімдері талданып оқылады.

Шығарманың бұл бөлімі неліктен «Кек жолында» деп аталды? Себебі,...

Бұл бөлімде жазушы қандай  қоғамдық мәселеге қозғау туғызады?

Өз көзқарасыңды шығармадан 1 нақты пікірмен дәлелдеңіз?

Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

Топта талқыла! Постерге саламын!»

1-топқа.

-          Япро-ой, ән мен сөз қалай өзгерген!.. Өлең мен ән ырысын тауыпты-ау, Абай!.. деген кім еді? Ол соншама неге қызықты?  Кейіпкерін тауып, осы көріністі кеңейтіп постер қорғау.

2-топқа.

Осындай сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі жоқ, суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты келді. Келгендер кімдер?  Неге  келді? Жазушының ауыл келбетін суреттеуі нені байқатты? Ойларын жинақтап, жұмыс қорғау.

3-топқа.

-          Не өліп, не тірілсем де, тағдырым сенімен болды ғой, келсең кел енді! –деп байлай сала, шоқпарды түсіріп жіберіп,қос қолдап  тіреп ұстап қалды. Бұл кімнің әрекеті? Неліктен осы сөзді айтуына тура келді? Кейіпкердің шынайы келбетін постер арқылы қорғап көру.

Кейіпкерлер бейнесін шығармамен байланыстыра отырып шынайы өмір келбетін ашқан соң, сол заман бейнесін қазіргі кезеңмен салыстыра отырып, автор келтірген көркем сөзді қолданып 3 сөйлеммен түйіндеп айту.

Топтар қорғайды, басқа топтар бағалайды.

Кері байланыс беру.

·         Ел ішінде халыққа өзінің қиянатын көрсетіп отырған Тәкежанға  өз атыңыздан хат жазыңыз. Көлемі 100 сөз.

Оқушылар өз хаттарын оқиды, бір-бірін бағалайды.

2-сағаты

Бөлімнің «Қарашығын» аталуы сұралады.Бұл- патшалық Ресей тұсында соғысқа жәрдем ретінде халықтан жиналатын қосымша салық түрі болатын.

«Қарлы кесек» әдісі бойынша сынып дөңгеленіп жиналып отырады да қағазға  «Қарашығын» бөліміндегі оқиғаларды жазып, қарсы отырған оқушыға лақтырады. Қағып алған оқушы жауап береді. Қалғандар жағдаят тудыратын сұрақтар қояды. Ол сұрақтардың кейбірі жуан, кейбірі жіңішке сұрақтар болып әзірленеді.

Әрі осы тұста «Шын-Жалған»  әдісі қолданылады.

 Бөлім бойынша оқиға  «Ауылға оралған Әбдірахман»

Қағазды алған оқушы бұл туралы 3 шынайы, 1 өтірік оқиғаны араластырып айтады. Байқаған оқушы оған бірнеше сұрақтар қояды. Романның кез –келген тұсынан қоюына болады.

«Әкенің баласын қарсы алуы» туралы қағазға жазып келесі оқушыға лақтырады. Қалғандар жағдаят тудыратын сұрақтар қояды. Ол сұрақтардың кейбірі жуан, кейбірі жіңішке сұрақтар болып әзірленеді. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі оқылады.

Өлең жайы туралы, жалпы қызықтырған сұрақтарды тіптен қызықты қылып сұрақтар қояды.

 Құнанбай мен Абай, Абай мен Әбіш арасындағы байланысты

салыстыра отырып, сипаттап айту.

 

«Көкорай жайлауды сағынған жігіт» табиғат тамашады.

«Ұлы ана, қарт әже Ұлжан» дұға оқуы.

«Әке мен бала арасындағы сырласу» Орыс жерінде оқыған білгенін әкеге әңгіме етуі, Әбіштің  Базаралы жағдайына алаңдауы.

Ел ішіндегі Далбай мен Дүйсеннің әрекетіне Әбіштің де араласуы.

Кері байланыс беру.

·         Жазушы роман-эпопеяның басты кейіпкері Абай образын халық өмірімен қалай байланыстырғанын талқылап эссе түрінде жазыңыз  Көлемі 200 сөз.

Оқушылар өз хаттарын оқиды, бір-бірін бағалайды.

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ мен үшін қызықты өтті

Мен үшін мына бір тұсы сәттілеу шықты

Мен берілген сұрақтарға ойланып қалдым...

 

 

- 5849035

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!