Махамбет рухына арнау

10 сәуір 2017 - Кенжегул Бекбаева
Махамбет рухына арнау

Безродных атындағы орта мектебі

8а сынып оқушысы 

Жукенова Сабина

                           Махамбет рухына арнау

Уа, Махамбет біткен қазақ маңдайына,

Тең көрмеймін ақынның ешқандайына

Өмірден ерте кеткен дара тұлғам,

Ерекше дара болып жаратылған.

 

Құс қанат қаламымен қасиетті,

Жазуды, өлең сөзді кәсіп етті.

Махамбеттей батыр ерді үлгі етем,

Қондырам көкейіме өлең сөзін.

 

Мен оны мақтан етем әлемге айтып,

Ондай боп батыр тумас енді қайтіп

Шайырдан сөз қалмаған айтылмаған

Әр сөзінің бағасы артық маған.

 

Құралайды көзге атқан мерген едің,

Мүлт кетіп қисық атып көрмеп едің.

Дөп тигізіп шындықты нысанаға,

Қылыш жырды жоғары сермеп едің.

 

Күш бітіріп алайда әлсіздерге,

Қатігезді айыптап, жерлеп едің.

Сендей ұлдың болғанын аңсауда елің,

Бір туатын халықтың намысына.

 

Жырың алмас семсердей өткір еді,

Соған менің көңілім көп түледі.

Жер мен көктің арасын жалынға орап,

Оқығанда кеудеме өрт кіреді.

 

Жырың кейде найзағай шатырлаған,

Тағдырды да сүйретіп тақымдаған

Қопарылған таулардай жырың сенің

Соғылысқан тастары шақырлаған.

 

Халық болып өзіңді мойындадым,

Осы еді ғой айтпағым, ойымдағым.

Қазағым деп, халқым деп соққан жүрек

Кетті — ау бірге өзіңмен бойындағың.

 

Тасығанда теңіз болып толатын,

Ашынғанда гүлдей қурап  солатын

Халқы үшін өмір сүрген сол ақын-

Махамбет Өтемісұлы болатын!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліШәкәрім рухына арнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ тіліАбай атама арнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Қазақ әдебиетіАрнау

- 5407855

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!