Бауыржан Жақып. «Сырғанақ » өлеңі

18 қаңтар 2018 - Анар Мейзбекова

Даярлық сыныбы

Көркем әдебиет

Бауыржан Жақып. «Сырғанақ » өлеңі

Шаттық шеңбері.

Балалар күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан- жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайық.

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Келіп қалған қонақты

Қуана қарсы аллайық

Суретпен жұмыс. /Қыс туралы слайд/

-Далада қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

-Қардың түсі қандай? Қыста  айнала  қандай? Қар неге ұқсайды? Қар мақтаға  ұқсайды. 

— Қыс мезгілінің қандай белгілерін білесіңдер?

— Қар жауады, аяз болады, боран соғады. Жер бетін қар басады. Адамдар қалың киім киеді т.б.

Сұрақ-жауап әдісі. /Мерекелер туралы слайд/

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қай ай?

Қыста қандай мерекелер болды?

Жаңа жыл мерекесінен кейін сендер не істедіңдер?

Бейнетаспа.  «Әли мен Ая» мультфильмінен үзінді көрсету.

-Балалар, Әли мен Ая да қыста жақсы дем алыпты. Олар қысқы демалыстарын Атасы мен әжесінің үйінде өткізіпті. Ауылда олар не істепті? Олар қалай кйініпті?

-Тағы қандай ойындар білесіңдер?

5. Қысқы ойындар. Слайд.

6. Бауыржан Жақып. «Сырғанақ » өлеңі. Слайд.

7. Өлеңмен жұмыс.

     А) Өлеңді мұғалімнің айтуы.

     Б) Өлеңнің мазмұнын ашу.

     В) Өлең  жолдарын қайталау.

     Г) Хормен айту.

     Д) Жекелей айту.

8. Сергіту кезеңі. Слайд.

Қар жауады, аяз болады, боран соғады.

Ендеше, боран соғып тұр. Осыны қимылмен қалай көрсетеміз? (Қолдарын көтеріп шайқалып, уілдейді)

Ал енді, қатты аяз болып тұр. Қатты тоңдық. (Қолдарын қусырып, аяқтарын соғады)

Қар жапалақтап жауып тұр. (Алақандарын жайып, секіріп қуанады.)

9. «Не артық ?» ойыны. Слайд.

 Ал, балалар енді тақтаға назар аударыңдаршы.
Тақтада шаңғышы, конькиші, шана сүйреген бала және велосипедші бейнеленген суреттер ілініп тұр. Балалардың жауаптары.
Велосипедшінің суреті артық, өйткені қыста велосипед теппейді, ал қалған суреттер спорттың қысқы түрлеріне жатады.

 

 

10. Қосымша жұмыс.

1 тапсырма: Алдарындағы буындарды оқу. Буындардан сөздер құрау. (шана, бала, ойна)

2 тапсырма: Сөздерді оқу,  дыбыстық талдау жасау.

10. Қорытынды.Тосын сый. Слайд.

— Балалар, сендерге Әли мен Аяның әжесі базарлық беріп жіберіпті. Сандықты ашып, базарлықты алмас бұрын, бүгін не істедік? Еске түсірейік.

— Жарайсыңдар. Жаттаған тақпағымызды тағы бір қайталап айтып жіберейік.

11. Бағалау. Мадақтау.

— Сендердің сабақты жақсы оқитындарыңа риза болып, әжелерің не беріп жіберіпті? Құрт.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМатематика №1 сабақ. Тақырыбы: Заттың қасиеттері. (үлкен-кіші,ұзын-қысқа,артық-кем).

- 5849023

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!