Мен -патриотпын

7 маусым 2018 - Зере Исова
Мен -патриотпын

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі Исова Зере Балгабаевна

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  аясында «Мен -патриотпын» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: 
1.    Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: интербелсенді тақта

 Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

3. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты баяндамасымен танысу.

4. «Мен патриотпын» “Ашық микрофон” сұрақ- жауап сұхбаты.

5. «Туған жерге туыңды тік» (ауыл азаматтары туралы).

6. Сергіту сәті «Көзімнің қарасы» (Абай)

7. «Мен – патриотпын»  пікірталас.

8. Қорытындылау.

 

 

1.    Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері (жүрекше арқылы бір- біріне тілек айтады)

 

ҚР ның Гимні орындалады.

 

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

 

    -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз- Қазақстанның патриотымыз!
    3. Жыл сайын елбасымыз  Қазақстан халқына өз жолдауын жолдайды. Биылғы жылдың сәуір айында жолдаған жолдауы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (баяндаманың тезисімен таныстыру)

 

4. «Мен патриотпын» “Ашық микрофон” сұрақ- жауап сұхбаты.

 

Патриот, патриотизм дегеніміз не?

Қазақстан патриоты ұғымын қалай түсінеміз?

 

 

5. «Туған жерге туыңды тік» (ауыл азаматтары туралы).

6. «Мен патриотпын» пікірталас.

7. Сергіту сәті «Көзімнің қарасы» (Абай)

8. Қортынды: — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Ақын атамыз Жұбан. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Гимнымызды бойдағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! 

 

ҚР гимні орындалады

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы-қазақ халқының ұлы көсемі

Ұстаз ұйымдастырушы«Ана-бақыт, Ана-күн!»

Іс-шара мәліметтері8 наурыз мерекелік сценарийі

ҰстаздарғаТәуелсіздіктің білімді ұрпақтары

- 3968501

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)