Жаныңда жүр жақсы адам

4 желтоқсан 2017 - Күлзия Есенқызы

 

         Мақсаты: Оқушыларды жақын адамдардың өзара қарым –қатынастағы, ынта –ықылас, жан –жылуымен, қадір –қасиетін ұғындыра отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнінін ашу.Оқушыларды №56 мектеп-лицейінде  еңбек етіп жүрген  өмірі, қызметі және шығармашылығымен таныстыру.

·         Міндеттері: Оқушылардың адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерін үйрету.

·         Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу іскерліктерін дамытып және өзін –өзі алдамауға дамыту.

·         Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдері: әңгіме, әңгімелесу, пікіралысу, жаттығу, көрнекілік;

 Құрал -жабдықтары мен көрнекіліктері:

Дыбыс күшейткіш, күйлер,  тақырыптың аты мен нақыл сөздер жазылған плакат, өміріне байланысты көрме, ұлттық қолөнер бұйымдарына байланысты көрме;

 

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

Ә) құрметпен қарсы алып, ортаға  отырғызу

А) оқушылардың ой түйіндері

Б) оқушылардың құттықтаулары

Г) «Роза апайдың сыр сандығынан...» сұхбаттасу

ІІІ Қортынды

 

ІІ Негізгі бөлім

Оқушылар   мерекелік безендірілген бөлмеде жартылай шеңбер құрып отырады.

 Музыка әуенінде,  ортаға

 құрметпен  шақыру.

Сәлемдесу рәсімін сахналау

Оқушылар орындарынан тұрып, қонаққа құрмет көрсетеді.

 

 

 

Мұғалім:

Сіз-Ұстазсыз, барша жан ардақтайтын,

Қанша жас Сізге ұқсауды армандайтын.

Еткен еңбек, төккен тер жемістерің,

Көретін кезде келді ұлықтайтын, демекші

-         талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, осы күнде қызметтес әріптестерінің, оқушыларының, балаларының, немерелерінің  ыстық ықыласы мен  махаббатына бөленіп жүрген  Әлібек Абуұлы  мен Роза Ғарифоллақызын ортаға шақырамыз!

-         Құрметті  Әлібек аға және Роза апай! Деніңізге саулық, ғұмырлық өмір, отбасылық бақыт тілейміз!

Оқушылар:

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысыз  Ұстаз Әке, Ұстаз Ана

Сәлем берді,  Сізге, өзіңіздің балаңыз.- оқушылар иілім сәлем етіп, орындарына отырады.

1-жүргізуші:

Адам-өз өмірінің сәулетшісі.Даралар да,қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды.Оның мәнді де сәнді, мағыналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты.Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.

2-жүргізуші:

Атақты педагог- ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі де,қызықты, шым -шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» деп ұстаздық өнерге ерекше баға берген.Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар. Ал халқымыз: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!” – деп тегін айтпаған ғой. Орынды айтылған жылы сөз адамның жігерін жаниды, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайын жаңғыртады. Міне, осындай  еліне белгілі, жақсы азаматтардың бірі –ардагер әке-ана,ұлағатты ұстаз Әшлібек Роза Ғарифоллақызы.

 

1.Ұстаздық жол

Жүргізушілер  Әлібек ағай және Роза апайдың еңбек жолдарымен таныстырады.

1-жүргізуші:

Әлібек ағайдың еңбек жолы

1973 жылы Ұзынкөл совхозында киномеханик көмекшісінен басталды. 1974 жылы тракторшы болып та жұмыс істеді. Сол жылы  Орал    қаласының А. С. Пушкин атындағы пединститутке "Тарих және педагогика" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1979 жылы тәмамдап шықты. Содан бастап Әлібек ағайдың ұстаздық жолы басталды. 1980 жылы В. И. Ленин  атындағы мектеп директорының орынбасары, одан 1981 жылы мектеп директоры, 1983 жылы Тегісшіл мектеп директоры қызметін атқарды. Кейін 1995 жылдан Ұзынкөл орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып, одан мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2008-2009 жылдары Б.Қ.О  Орал қаласына көшіп, 

№ 10 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды. 2009 жылы Астана қаласына қоныс аударып, қазіргі күнге дейін Астана қаласы  № 56 мектеп- лицейінде " тарих және дінтану"  пәнінің мұғалімі болып адал қызмет жасауда.

2-жүргізуші:

 

Роза апайдың еңбек жолы

1977 жылдан  Атырау облысы Новобогат ауданы, Аманкелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеуден басталды. Кейін 1982-1983 жылдары осы ауданның Ақтоғай орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1983-1989 жылдары  Жәнібек ауданы  Тегісшіл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, 1990-1994 жылдары Жәнібек ауданы  Ұзынкөл орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және 1994-1997 жылдары осы мектепте мектеп директоры болып жұмыс атқарды. 2008-2009 жылдары Орал қаласында "Ұстаз" журналының редакторы қызметін атқарды.

2009 жылдан бері Астана қаласы № 56 мектеп – лицейінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі, " Абай- Шәкәрім" клубының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып жүр.

1-жүргізуші:            Әлібек ағайдың жетістіктері

2-жүргізуші:             Роза апайдың жетістіктері

 

 

Мұғалім:

-         Ендеше,  осы ұлағатты ұстаздар отбасының өмірі, отбасы, қызметі, шығармашылығы жайлы өз аузынан естісек.Құрметті Әлібек ағай және Роза апай, әңгімемізді сонау балалық шақтың  тәтті кезеңдерінен бастасақ, туған жеріңіз, отбасыңыз, алғашқы ұстазыңыз, ол адамның сізге әсері жайлы әңгімелесеңіз дейміз.

Мұғалім: Әңгімелеріңізге көп рахмет!

Енді әсем ән тыңдап, бой сергітіп алайық

Ән: «Ұстазым»

 

 2. Әріптес ұстаз

Сөз кезегін ұстаздық жолда бірге келе жатқан әріптестеріне береміз.

 

3. Ана — ұстаз, Әке — ұстаз

Мұғалім:

 Тұрмыс ол отбасы.Отбасы ол шағын мемлекет. 40 жылдай отасып, ұл — қызды тәрбиелеп,ұлын ұяға,қызын қияға қондырды. “Сайына қарай саласы, әкесіне қарай баласы” деген сөз тегін айтылмаған. Әкеден – ақыл, шешеден мейір көріп өскен Әлібек ағай мен Роза апайдың сүйікті елге танымал жүргізуші Жиенәлі Мейіржан деген ұлы және мейірімді қызы бар.

Слайд (балалары туралы)

 

Ән: «Немересінің әні»  

 

1-жүргізуші:

Сіздерді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттеріңіз, сіздердің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл ұстаз, аяулы аға, аяулы ана ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіздер. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

 

 

 

2-жүргізуші:

«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі — өнеге, білім — тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген шәкірттеріне сөз кезегін берейік.

Мұғалім:

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

Сөз кезегін шәкірттерге береміз.

 

Мұғалім:

Келесі кезекте Роза апайдың шығармашылығымен танысайық .

 

1-жүргізуші:

 «Батамен ел көгерер» демекші,  Әлібек аға ақ батаңызды берсеңіз

 

2-жүргізуші:

 

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

 

 

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

-Құрметті Әлібек аға және Роза апай, бүгін бізді  өміріңіз, шығармашылығыңыз,

 жекелей қасиеттеріңіз бен ерекшеліктеріңіз жайлы бізді хабардар етіп, таныстырғаныңызға  шексіз разымыз. Ұстаздық жолдың қиын болғанымен,

 Сіздер -  өз  өміріңіздің мәнін де сәнін де бала тәрбиесіне арнағаныңыздың куәсі болдық. Әңгімелеріңізге көптен-көп рахмет, кездескенше сау болыңыз.

 

 

 

 

 

 

- 5839264

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!