Ғылыми зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.

9 қараша 2018 - Дилара Сейлова

Күні:___________                              

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Ғылыми зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қазақстанда білім және  ғылымның дамуы, өнер саласындағы  жетістіктерді оқушыларға ұғындыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи — әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту.

Сабықтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты  түгелдеу, сабаққа назар аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау( сұрақ-жауап).

1. Қазақ КСР Конституциясы қабылданған мерзімі

2. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы

3. Қазақ АКСР-інің одақтас Республика болып құрылған жыл

4.Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары

5. Ф.И.Голощекин ұсынған идея

ІІІ. Жаңа сабақ.

А. Жаңа сабақтың жоспары: (жоспар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземін)

1. Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою.

2. Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.

3. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.

4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

Б. Оқу орындарының қазіргі бет бейнесі мен мамандандырылуы жайында әңгімелесу.

ІV. Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу  « Қазақ».

1. Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі? Қастеев.

2. Араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірген кім? Байтұрсынов.

3.1926 жылы қай қалада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды? Қызылорда.

4. Қазақ КСР Ғылым академиясын тұңғыш президенті? Сәтбаев.

5.  1919 жылы қабылданған декрет? Сауатсыздық.

V. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.

VІ.  Үйге тапсырма: §24. 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс, оқу.

- 6208620

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!