Мақала

31 қаңтар 2018 - Аюбай Аққай

ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ.

 

 

    Қазақстанның тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи дамуы кезеңдеріндегі елеуі оқиғалар мен фактілерге жаңаша баға беру қажеттілігін туғызды. Қазақ халқы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Осы кезеңде тарихи танымға жаңаша қарап, тарихтың ақтаңдақ беттері зерттеле басталды. Әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көп жағдайда ақиқатты бұрмалап, бір жақты етіп көрсетіп, соның салдарынан ұшқары пікірлеуге құрылған теориялық қорытындылырдың өмірге келуіне себепші болды. Бүгінгі күнде мәселенің жаңаша қойылуы тарихи шындықты дұрыс танып білуге апаратын жолды іздеуді және сан-алуан тың деректерді кең көлемде тауып, ғылыми айналымға енгізуді қажет етеді.

Ақжан Жақсыбекұлы Машанов 1906 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы аудыны, Нұркен ауылында Жамантайдың Қарақуысы деп аталатын жерде дүниеге келді.

Ақжан Машанов өз басын қатерге тігіп, әл-Фарабидің шыққан тегін зерттеп, туып өскен жері бүгінгі қазақ жері екенін дәлелдеп оның мұраларын түгендеп жүрген уақытта, ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлт тарихын жазуда, қоғамдық-саяси өмірде еуропацентризм басым болды. КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің рөлін асыра бағалау үрдісі жүрді. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүрленді. Бұған керісінше кеңес дәуірінің тарихы барынша әспеттеліп баяндалды. Ресми ұйымдар мен насихат қазақ халқының нағыз тарихы тек 1917 жылдан басталды деп жұрттың бәріне тықпалап, солай ойлауға көндірді. Кеңес өкіметті ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тыйым салып отырды. Ғалымдарды, қоғамдық ғылымдар қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 1920-шы жылдардан басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен оқулықтардың мазмұны өзіндік шығармашылықпен ойлауды қалыптастыруға, ғылымның техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмаған еді. Мәселен Ақжан Машановтың техника саласындағы негізгі мамандығы – геолог. Әрі ол геомеханика ғылымының негізін салушы болып есептеледі. Ал Ақжан Машановтың бұл саладағы еңбегі дүниежүзіне кеңінен танылса да, мәскеулік ғалымдар бұл жаңалықты қабылдамады. Бұл жөнінде 1960-шы жылдардың кезінде мәскеу ғалымдары шу да көтерді. Тіпті социалистік еңбек ері, академик Петров «Правда» газетіне арнайы мақала жазып, Ақжан Машановтың ашқан ғылыми жаңалығын теріске шығаруға тырысты. Кезінде оны Қазақстан ғылымдары да құптаған еді. Ал қазір Ақжан Машановтың Пуассон коэффицентінің тау қысымын зерттеудегі қолданысы туралы мұндай теориясының дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бүгінгі күнде Ақжан Машанов негізін қалаған «Геомеханика» ғылымын барлық ғылым әлемі мойындады. Сонымен қоса 1973 жылы жалпы көлемі 15 табақтай «Аль-Фараби и современная наука» деген автордың еңбегі әл-Фарабидің 1100 жылдығы қарсаңында баспаға дайындалып қойса да шығарылмай тасталды. Тоталитарлық қоғамның адамның еркін ойлауына, ұлттық тарихын зерттеуге қаншалықты тосқауылы болса да Ақжан Машанов Әл-Фараби мұрасын зерттеп қазақтың тарихы мен мәдениетін мың жылға алға жылжытты

    Әл-фараби мұрасын зерттеуді 1943 жылдан бастаған Ақжан Машанов  — 1961 жылдың басында Әл-Фарабидің Отырардан шыққан қазақ перзенті екендігін бұлтартпас дәлелдермен ҚР ҰҒА Хабаршысында  жариялады

Қазақстан жерінен әл-Фарабидің ешбір ізін таба алмаған Ақжан Машанов ұлы ғұламаның мұраларын іздеп, Ташкент, Мәскеу, Ленинград, Уфаның көне еңбектер сақтайтын мұрағаттарын аралап, ғалымның екінші Отаны болған Таяу Шығысқа барып ғұлама ғалымның Сириядағы қабіріне зиярат етуге, көзімен көруге бел буады.

    1968 жылдың 19-шы қыркүйегінде КСРО туристерінің құрамында Ақжан Машанов Сирия жеріне аяқ басады. Сириядағы Кеңес елшілігінің көмегімен Шығыстың белгілі адамдарына арналған, яғни тек патшалар, пайғамбар нәсілдері, халифа ұрпақтары, әмірлер немесе солардың ұстаздары ғана жататын Баб ас-сағир зиратынан Ақжан Машанов Әбу Насыр әл-Фарабидің қабірін тауып басына зиярат етіп, құран бағыштайды. Қабіріне бас иіп тұрып «О Ұлы бабам, араға ғасырлар өтіп, тағы бір ұрпағың келіп тұр, қабыл ал дұғамды деп күбірледім» дейді

   Ақжан Машанов әл-Фарабидің қабірін суретке түсіріп алады. Бұл 1968 жылдың 23-қыркүйегі күні болған айтулы оқиғаның Ақжан Машанов үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар еді.

Себебі Кеңес Одағының шетел мен халықаралық байланыс жасаудың күнгей және көлеңкелі жақтары болды.

   «Қазақстанның астанасы Алматыда мен үшін «тарихта екінші ұстаз деген атпен қалған» әл-Фарабиді аштым. Әл-Фараби мен бұл кездесу менің кеңестік мұсылмандар әлеміндегі  болған кезімдегі ең әсерлісі және ең маңыздысы болды.

Осы оқиғадан кейін Орта Азия тұрғындарының мұсылман ғалымдардың шығармаларын қайта жаңғыртып қастерлеп, оған көңіл бөлуге құштар екендігіне көзімді жеткізді. Орта Азия сияқты бірде-бір аймақ мұсылмандық өркениетке осыншама атақтыларды берген жоқ. Бұл тізімнің соңы жоқ: әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, әл-Бируни, әл-Рази, әл-Ферғани, Ұлықбек, Имам әл-Бұқари, ан-Насифи және Абу Хамид әл-Ғазалиге дейін.» 

Мақала осылай аяқталады. Бұның өзі әл-Фарабидің туған Отаны Қазақстан екенін, әлемнің екінші ұстазы атанған ғұламаның шығу тегі қазақ халқы болып саналатынын жер жаһанға жариялау жолында көзсіз ерлікке барып жүрген Ақжан Машановқа да, елімізге де зор жеңіс әкелген тарихи оқиға еді. 

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жүніс Сахиев 1986 жылы Мәскеуге жұмыс сапарымен барғанда Ақжан Машановтың өтініші бойынша аталған мақаланы «Шет елдер кітапханасынан» Кувейттік «Аль-Ғараби» журналының 1984 жылдың маусым айында жарияланған номерінен іздеп тауып, арнай көшірмесін елге алып келіп, ғалымның қолына тапсырады.

Мақала қолына тиген соң Ақжан Машановтың қуанышында шек болмады. Ол жөнінде Ғылым академиясының арнайы мәжілісінде айтылды. Мерзімді баспасөзде жазылды. Енді әл-Фарабиді алыс шетелдік ғалымдар да оның шыққан тегі Қазақ жері екенін мойындай бастады.

   Қорыта келгенде Ақжан Машановтың әл-Фарабиді кіндік қаны тамған топырағына жеткізуі ол кісінің ұлтшылдығының бір ғана көрінісі екендігіне көз жеткіземіз. Ол өзінің қазақ халқын ерекше сүйді, өз халқына еңбек сіңіру оның ең басты ұстанымы болды. Әл-Фарабиді ашудың қиындығына қарамай бел бууы, ұрпағымен табыстыруы осының дәлелі. Сонымен қатар ғылым тарихындағы, тіл, мәдениет жөнінде теріс ұғым қалыптастыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан қас батыр деуге де болады.

   2006 жылы Ақжан Машановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Барша қазақ халқы ұлы тұлғасының есімін әл-Машани деп үлкен құрметпен бірауыздан атағанына барлығымызда куә болдық.

Ақжан Жақсыбекұлы Машанов әл-Фараби мұраларын зерттеуге жарты ғасырлық ғұмырын арнап, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді туған еліне қайтарып, оның Отаны бүгінгі қазақ жері екенін өзінің нақты ізденісімен ғылыми тұрғыдан дәлелдеген патриот ғалым.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбдіраман Ш. Ақжан әл-Машани Алматы 2007. -397 б.

2. Әбдіраман Ш. Фараби ғибратты ғалам. Алматы. 2006. -392 б.

3. Әбдіраман Ш. Дегдар. // Егемен Қазақстан. 2 қараша. -6 б.

4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы 1999. -293 б.

5. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы 1994. 446 б.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСабақ жоспары

- 6141538

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!