Ашық сабақ

6 қараша 2017 - Аманкул Ермекбаева

Қайталау:

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: үш айдан тұрады.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінің ай аттарын айтыңдаршы?

Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады.

Балалар: Күн жылынады, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарады, гүлдейді.Жерге көк шөптер шығады.Адамдар жеңіл киінеді.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбым: Ойыншықтар әлемі.

Тәрбиеші: Балалар сендер балабақшаға келгенде немен ойнайсыңдар?

Балалар: Ойыншықпен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Біздің топта ойыншықтардың алуан түрі бар.Мына ойыншықтардың барлығы балалар үшін жасалған.Ойыншықтар қатты, жұмсақ болып бөлінеді.Сендерге осындай ойыншықтармен ойнау ұнай ма?

Балалар: Ұнайды.

Тосын сәт: (Шар ұшып келеді).

Тақтадан: (Слаид көрсетіледі).

Тәрбиеші: балалар бізге ойыншықтар әлемінен шар ұшып келді.Мына хатта не жазылған екен көрейік.(ішінде дискі шығады)хатта бар екен.Хатта былай деп жазылған.Мына дискіні ашып қараң, балаларға ойыншықтар туралы мағұлмат беріледі. Ойыншықтар туралы тақпақтар сұрапты.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар әртүрлі ойыншық түрлерін көрдік.Бұл жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар.Ойыншықтарға сипаттама бердік.Енді ойыншықтар туралы тақпақтарымызды айтайық.

Балалар тақтағы:

Динара:                Жауынды күн болды.

                              Қоян әбден тоңды.

                              Ұмытып досы оны.

                              Су болды беті-қолы.                  

Айбар:                  Жақсы көрем қонжықты.

                              Маған қымбат ол тіпті.

                              Түсіп қалса құлағы.

                              Тігемін алып ақ жіпті.

Мирас:                  Мысық мырза жүрмеші.

                              Ары-бері секіріп,

                              Бөпем тәй-тәй басады.

                              Сенен қорқып қашады.

Інжу:                    Добым, добым домалақ.

                              Қайда кеттің домалап,

                              Секіртейін келе ғой,

                               Маған билеп бере гой.

 

А.Амина:              Қуыршағым, қуыршақ.

                                Мендегі бір құлыншақ.

                                Тек ауырма өтінем.

                                 Бар бұзықты кешірем.

Ж.Амина               Пай-пай менің күшігім.

                               Әдемісі-ай түсінің.

                                Қылығына қайранмын.

                                Тұмсығынан айналдым.

Сергіту  сәті:    Көңілді күн.(слайдпен)

Қортынды:

Тәрбиеші:  Ойыншықпен не істейміз?

Балалар:  Ойнаймыз.

Тәрбиеші:  Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істейміз?

Балалар:   Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз.

Тәрбиеші: Біздің топта ойыншықтардың өз орыны бар.Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орынына апарамыз.Біздің ойыншықтар таза, олар бізге ренжімейді.Осымен оқу қызметіміз аяқталды.Балалардың барлықтары да жақсы қатысып отырды.Сау болыңыздар!.    

 

 

                            

- 4437865

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!