Математика пәнін кіріктендіріп оқыту әдістемесі

12 ақпан 2017 - Almira Zhauynbaeva

Математика пәнін кіріктендіріп оқыту әдістемесі

 

А.К.Жауынбаева,"Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі" КММ

математика пәнінің мұғалімі, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылы

 

Қазіргі білім беретін мектептердің ерекшелігі қоғам мен қоршаған орта туралы білімді кіріктендіру болып табылады. Мектептегі математика пәні оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптасуына қажетті логикалық ойлау, өз ойларын дәл және қысқа түрде айтып бере білу сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде, математика және басқа да ғылым саласының есептерін электрондық-есептеу техникаларын тиімді пайдаланып шығаруда  үлкен рөл атқарады. Осы сапалардың қалыптасуы мен дамуы мектепте математиканы тәрбиелей-дамыта оқыту мақсатының негізін анықтап, білім беру саласын ізгілендіруге ықпал етеді.

    Оқушылардың математикалық дайындығында маңызды орынды мектептегі информатика пәнін оқыту алады. Қазіргі заманның есептеу техникаларында жұмыс істей алу, жаңа ақпараттық техникаларды игеру ғана емес, сонымен қатар компьютерде есепті қою, оны шығару және компьютерді таным құралы ретінде пайдалану жатады. Бұған информатиканы математика пәнін оқыту үдерісінде қолдану, білімдерді кіріктендіру тәсілі ретінде модельдеуді пайдалану арқылы қол жеткізілуі мүмкін.

   Математикалық модельдердің қасиеттерін компьютердің көмегімен оқып-үйрену негізіне жататын кіріктендіріп оқыту жүйесі, оқу пәндері мазмұнының тәрбиелей-дамыту қызметін тереңдете түседі, оқушының толық қанды іс-әрекетін қалыптастырады. Мектепте тәрбиелей-дамыта оқытуды жүзеге асыру үдерісінің мазмұнды компоненті ретінде математика мен информатиканы кіріктендіру мәселесінің өзектілігіне әкеледі.

      Мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыстар қазіргі таңда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан кіріктендірулік процестердің айқын және нақты көрінісі. Бұл байланыстар оқушыларды дайындаудың тәжірибелік және ғылыми-теориялық деңгейінің артуында маңызды рөл атқарады.

   Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың табиғат құбылыстары және олардың арасындағы байланыстары туралы біртұтас дүниетанымын қалыптастырады, ол өз кезегінде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.

   Оқытудың міндеттері көпжақты пәнаралық байланыстар көмегімен (басты пән кем дегенде үш пәнмен байланысқан болған кезде) жаңа сапалы деңгейге ғана шешіліп қоймай, сондай-ақ кешенді байқаудың негізін салады. Сондықтан, пәнаралық байланыстар оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде кешенді әдістердің нәтижесі және маңызды шарты болып табылады.

     Сондай-ақ, пәнаралық байланыстардың бар болу қажеттілігі мектеп алдына қоятын оқытудың дидактикалық принциптері мен тәрбиелеудің міндеттерімен көзделеді. Қазіргі таңда мектептегі оқыту процесі барысында қабылданаты ақпарат көлемінің ұлғайғандықтан негізгі мәнді өздік жұмыстардың білім мен дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Оқушылардың өзіндік танымдылықтарын дамытудың құралы болып пәнаралық байланыстар болуы мүмкін, себебі олар пәнаралық ұғымдар деп аталатын, яғни қандай да бір пән сабақтарындағы оқушыларға кейбір білімдерді ұсынуға мүмкін болмайтын білімдердің қалыптасуына оң әсерін тигізбек. Ғылымның қазіргі заманның даму деңгейі ғылымдардың бір-бірімен, әсіресе математика мен информатиканың басқа білімдер саласына ендірумен бейнеленеді. Математика мен информатика пәндерінің пәнаралық байланысын іске асыруға жағдай жасайтын оқыту процесіне информатиканы оқытудың формалары өңделеді және енгізіледі.

        Математика пәнінің информатика негіздері және есептеуіш техника пәндерімен, физика пәндерімен байланысы қазіргі заманға қажетті техникалық әрекет үшін оқушылардың политехникалық білім мен іскерліктерін дамытады. Оқытудың тәжірибелік бағытын күшейту барлық пәндер мұғалімдерінің, әсіресе оқушылардың тәжірибелік іскерліктерін дамытуға баса назар аударуы қажет, ол өз кезегінде пәнаралық байланыстар арқылы тәжірибелі әрекеттің жалпыланған іскерліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

     Математика бағдарламаларында перспективалы пәнаралық байланыстар көрсетілген, олар информатиканы оқытуда есептеуіш дағдыларды қолдану қажеттілігіне бағыттайды.

    Компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қолдану негізінде оқушыларда математикадан есептерді шығару, процентті есептеу, бірнеше санның арифметикалық ортасын табу, функциялардың графиктерін салу іскерліктері қалыптасады. Шамалардың өзгеруі және геометриялық фигуралар туралы білімдер графиктермен жұмыс жасау іскерліктерін дағдыландыруда қолданылады. Алгебраны оқытуда формуламен жұмыс, негізгі элементтері функцияларды зерттеу дағдылары программалауды оқытуда өте қажет, ал дифференциалды есептеу элементтері MathCAD бағдарламасында жұмыс жасағанда өз қолданысын табады.

     Математика мен информатиканың кіріктендірілген сабақтарын өткізудегі қолданылатын бағдарламалық орта – MathCAD бағдарламасы.

    Мектеп бағдарламасында математиканы бағдарламалы қамтамасыз етуде, менің ойымша, оқушылар мен жоғары сынып оқушыларының қолдануына математикалық пакеттердің ішінен ең қолайлысы – бағдарламалауды қолданбай-ақ, кірістірілген алгоритмдердің көмегімен үлкен көлемді математикалық есептеулерді жүргізетін көп функционалды интерактивті есептеу жүйесі – MathCAD пакетін жатқызуға болады.

    MathCAD бағдарламасы қарапайым арифметикадан бастап күрделі санау әдістерін іске асыруда түрлі ғылыми және инженерлік есептеулерді жүзеге асыратын математикалық редактор болып табылады. MathCAD қолданушылары бұл – студенттер, ғалымдар, инженерлер, турлі техникалық саладағы мамандар. Қолдану қарапайымдылығына, математикалық әрекеттердің түрлілігіне, қоса салынған функциялар мен сандық әдістері бар кең кітапханасына, сонымен қатар нәтижелерді көрсету аппаратының (түрлі типтегі графиктер, Web-беттер мен баспа құжаттарын дайындау құралдары) арқасында MathCAD бағдарламасы математикалық қосымшалардың ішінде әйгілі болды.

   MathCAD бағдарламасында қоса салынған формулалар редакторы көмегімен танымал түрде математикалық өрнекті енгізсе болғаны, нәтиже белгілі болады.

   Қазіргі білім беру процесінде пәнаралық байланыстар үлкен роль атқарады. Себебі, олар ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан кіріктендірілген процестердің айқын және нақты көрінісі. Пәнаралық байланыстар оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде кешенді әдістердің нәтижесі және маңызды шарты болып табылады.

    Айналадағы шындықты талдай отырып, математика және информатика пәндерін сапалы меңгерудің қажеттілігі айқын көрініп тұр, себебі қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мен қарапайым математикалық білімдерсіз амалдай тұру қиын.

      Түрлі пәндердің басқа пәндермен кіріктендіруі, әсіресе, математика мен информатика пәндерінің пәнаралық байланысын оқушыларды оқыту процесінде қолдану маңызды. Қандай да бір бағдарламалық өнім немесе бірнеше тақырып бағдарлама шеңберінде оқытылуы кірктендіру бағытында өткізіледі.

     Менің ойымша, математика мен информатиканың кіріктендірілген сабақтарын өткізуде ең қолайлы бағдарламалық ортасы – MathCAD математикалық пакеті, себебі бұл бағдарламадағы есептеулерді безендіру дәптердегі есептеулерді шешуге ұқсас, ал ол өз кезегінде оқушылардың бұл бағдарламалық ортада жұмыстың негізгілерін меңгеруге жеңіл қабылдауды қамтамасыз етеді.

     Мектептегі информатика курсындағы математика мен информатика пәндерінің пәнаралық байланысын іске асыру жағдайы кең көлемде қарастырылған. Бұл алдағы уақытта оқыту процесінде математика мен информатика пәндерінің пәнаралық байланысын дамытудың әдістемелерін көздейді, себебі, ғылымның қазіргі заманғы дамуы ғылымдардың бір-біріне енгізіліп, сіңісуімен айқындалады, ол өз кезегінде барлық ғылымдар арасындағы пәнаралық байланыстардың іске асырылуының алғы шарты болып табылады.

 

 

 

 

Әдебиеттер

1.      Интеграция уроков информатики и математики в средней школе как средство повышения качества обучения  //Мат. Республиканская научно-практическая конференция « I педагогические чтения». – Павлодар, 2006.-С.145-151.

2.      Интеграция математики и информатики как фактор реализации воспитательно-развивающих функций обучения // Мат. Международной научно-практической конференции « Наука и ее роль в современном мире». – Т.4.-Караганда, 2009.-С.185-191.

3.      О роли связи математики и информатики в воспитательно-развивающем обучении учащихся // Вестник университета «Кайнар». – Алматы, 2007.-№1.-С.32-36.

4.      Использование практико-ориентированных задач в интеграции математики и информатики с целью реализации воспитательно-развивающей функции //Сб.тр. III Международной научной конференции «Математика. Образование. Культура».-Ч.3.-Тольятти, 2009.-С.133-138.

5.      Пути и средство интеграции курсов математики и информатики с целью реализации воспитательно-развивающих функций обучения //Вестник Павлодарского ГУ.Научный журнал. Серия «Педагогика», 2008.-№3.-С.160-171.

 

 

Резюме

В этой статье показана методика интеграционного обучение математики.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаМатематика пәнін кіріктендіріп оқыту әдістемесі

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

- 6141725

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!