Файлдар, бумалар және жарлықтар

17 қаңтар 2017 - Назерке Үсіпбекова

Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары жайлы түсінік алады, бума мен жарлық құруды үйренеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ ( «Шыңға шығу» ойыны, практикалық тапсырмалар)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта және слайд көмегімен түсіндіру, практикум элементтері бар көрсете баяндау, топтық және жеке жұмыс)
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, проектор, жұмыс дәптері, бағалау қағаздары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 

1.      Оқушылармен амандасып, түгелдеу

2.      Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау


II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Шыңға шығу» ойыны көмегімен үй тапсырмасын сұрау. Ойын шарты бойынша жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап бере отырып, тау шыңына көтерілу. Ойынның сұрақтары:


1. Терезе деген не?
2. Терезелердің түрлерін атаңдар.
3. Пернетақтаның көмегімен терезелердің бірінен екіншісіне қалай ауысуға болады?
4. Пернелердің Alt+F4 тіркесімдерінің қызметі қандай?
5. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?

6. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
7. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
8. Мына батырма қандай қызмет атқарады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру: Бірінші мұғалім слайд арқылы жаңа тақырып туралы жалпы мәлімет береді, әрі қарай әр топ постермен жұмыс жасап, жаңа тақырыптың мәнін  ашады.

Файлдық  жүйенің негізгі нысандары: файлдар, бумалар және жарлықтар.

Файлдар
Файл – байттардың әлдебір атауы бар тізбегі. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың аты екі бөлімнен: сол жақ (аты) және оң жақ (кеңейтілуі) бөлімдерінен тұрады. Файлдың кеңейтілуі оның тұрпатын (мазмұнын) меңзейді.Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: /: * >< |.

Бумалар

Бума – объектілер қоймасы.
Бумалардың түрлері:
Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады.
Жұмысшы бумалар. Тұтынушылардың өздері құрады. ОларғаWindows — де рұқсат етілген амалдардың барлығын қолдануға болады. Олар арнайы белгімен жабдықталады. Мұндай бумаларды олардың белгішелерін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы ашады.

Жарлықтар
Жарлық – нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.Жарлық программаны тез іске қосуға немесе файл мен буманы ашуға арналған.Жарлықты басқа файлдардан немесе бумалардан ажырату оңай. Себебі жарлықтың төменгі сол жақ бұрышында сілтеменің суреті салынған.Қарапайым файлда немесе бумада мұндай сілтеменің суреті жоқ.Егер негізгі орындалатын файлды жойсақ, онда программа жұмыс істеуін тоқтатады.Жарлық жойылса программаға ештеңе болмайды. Сендерге тек жаңа жарлық құру немесе программаны орындалатын файл арқылы ашу керек болады. Жарлықты кезкелген нысан үшін құруға болады.
ЕСТЕРІҢДЕ БОЛСЫН! Егер сендер ақпарат тасығыш құралға, мысалы, флешкаға жарлық көшірсеңдер, онда басқа компьютерде файлдарың ашылмай қалады. Ақпаратты тасымалдау үшін жарлықты емес файлдың өзін көшіру керек.
Бумалардың бұтақталуы (иерархиясы)
Терезенің сол жақбөлігінде көргендеріңдей, бумалар бірінің ішіне бірі кіруі мүмкін. Ақпаратты сақтаудың мұндай құрылымы бұтақталуы (иерархия) деп аталады.Бұтақталған файлдық құрылымнан файлды табу үшін осы файлға дейінгі жолды көрсету керек.Файлдың атымен бірге жазылған файлға дейінгі жол файлдың толық аты деп аталады.


ІҮ. Жаңа түсінікті тексеру: 
1. Компьютерде практикалық жұмыс.

 

А деңгейі

Ms word –ты ашып берілген мәтінді теріп жазамыз. Файлымызды  «Компютер» деген атпен жұмыс үстеліне сақтаймыз.

 

В деңгейі

 Жұмыс үстелінің бос жеріне барып, тінтуірдің оң жағын басып Создать-Папку командасын орындау арқылы жаңа бума құрамыз.  Тінтуірді құрған бумамыздың үстіне барып, оң жағын басып, Переименовать командасын таңдап, бумаға ат береміз.

 

С деңгейі: «Компютер» деген атпен сақтаған файлымызды  өзіміз құрған буманың ішіне саламыз, буманы жабамыз. Қайтадан сол бумаға барып, тінтуірдің оң жағын басып,  Создать-Ярлық командасын орындау арқылы жарлық құрамыз.

 

V. Жаңа тақырыпты бекіту: Сұрақ-жауап арқылы.

1.Файл дегеніміз не?

2.Бума деген не?

3.Жарлық деген не?

4.Файлдың аты неше бөлімнен тұрады?

5. Файлдың атын жазу үшін қандай символдарды қолдануға болмайды?

6. Бумалардың жарлығын құру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?

7. Бума мен жарлықта қалай ажыратамыз?

 

 

VІ. Қорытындылау: Блум гүлі. Оқушыларға гүл күлтешелері таратылады. Оқушылар күлтешелерге өздерінің бүгінгі жаңа сабақтан не үйренгендерін, білгендерін қорытындылап жазып, тақтаға іледі.
VІІ. Үйге тапсырма: Файлдар, бумалар және жарлықтар. «Өзіңді тексер» тест жұмысы.
VІІІ. Оқушыларды  бағалау. Топ басшылары әр оқушының алған фешкалары арқылы бағалау парағына бағалап шығады.

                             

Аты-жөні

Өткен сабақты қайталау

Постермен жұмыс

Практикалық жұмыс

 

Жаңа тақырыпты бекіту

Қорытынды

 

- 6147079

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!