Векторлық және растрлық графиканы құру және графиктерді өңдеу бойынша программалары,графикалық файлдардың пішімі.

САБАҚ ЖОСПАРЫ                                                                                  «Бекітемін»

                                                                                                                        ________________

                                                                                                                  Оқу ісінің меңгерушісі

                                                                                                                 «_____» _____ 2017 ж

 

Пән аты:   Информатика

Класы: 7

Күні:   04.02.2017 ж

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиканы құру және графиктерді өңдеу  бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой — өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан — жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар т.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:    

              I.Ұйымдастыру

              II.Үй тапсырмасын тексеру

              III.Жаңа  сабақ

              IV. Сергіту сәті

              V. Компьютермен жұмыс

           VI.Бекіту

              VIІ.Үйге  тапсырма 

             VIІІ..Бағалау

              Қорытынды

I .Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу

2.Кластағы оқушыларды түгендеу.

3.Барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа  сабақ


          Графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растрлық және векторлық. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Векторлық және растрлық графиканы құру мен өңдейтін программалар».

           Растрлық графикада кескіндер түрлі — түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.

             Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
           Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез — келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай — ақ кескіннің әр нүктесін ақ — қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

     Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).
      Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
         Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілері жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графикада кескіндердің негізгі элементі — сызық болып табылады.
      Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.
Векторлық графиканың кемшіліктері:
Шынайы бейнелерді құрудағы қиындықтар, яғни фотобейнелерді кодтау расторлық әдістен көп жады алады. Сондықтан векторлық әдісті көбіне графикалық суреттерді салуға пайдаланады. Тұтас аймақты бейнелеу мүмкіндігінің болмауы, себебі объектілер «сым» қаңқа түрінде ұсынылады.
         Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Осы кескіндерді компьютерде өңдеу үшін арнайы программалар — графикалық редакторлар пайдаланылады. Графикалық редактор — графикалық кескіндерді құруға, редакциялауға, көруге арналған программа.
      Қарапайым растрлық кескіндерді салуға мүмкіндік беретін растрлық редакторлардың қатарына Paint, Adobe Image Ready. Adobe Photoshop, Corel Photo Paint, Gimp, Photofinish редакторлары фотобейнелерді өңдеу үшін пайдаланылады.
Векторлық кескіндер Word мәтіндік редакторына құрамдас графикалық редакторды, СorelDRAW, Adobe Illustrator, Inkscape секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Суретті сақтаған кезде, белгілі бір графикалық пішімде файл жасалады. Графикалық файлдың пішімі — графикалық мәліметтерді сыртқы тасымалдаушыда көрсету мен орналастыру әдісі.
▪ Растрлық графика файлдарының пішімі (кесте көрсетіледі)
▪ Векторлық графика файлдарының пішімі
SVG, EPS, WMF
WMF векторлық форматы Windows — тың форматы болып табылады. Бейнелерді алмастыру буфері арқылы жіберу үшін қолданылады. Windows — тың барлық бағдарламалары қабылдай алады.
              IV. Сергіту сәті

              V. Компьютермен жұмыс

           VI.Бекіту

            
ТЕСТ
1. Растрлық кескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) CorelDRAW        В) Paint          С) Inkscape
2. Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
А) растрлық         В) векторлық       С) фракталдық
3. Векторлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады
А) BMP               В) SVG             С) GIF
4. Фотобейнелерді өңдегенде қандай графикалық редакторды қолданасыңдар?
А) векторлық             В) фракталдық                С) растрлық
5. Векторлықкескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) Corel Photo Paint          В) Paint        С) Inkscape
6. Қандай кескін үлкейтіп, кішірейткенде сапасын жоғалтпайды?
А) векторлық           В) фракталдық           С) растрлық
Тест жауабы
1 2 3 4 5 6
В А В С С А

VIІ.Үйге  тапсырма:  Векторлық және растрлық графиканы құру және графиктерді өңдеу  бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі тақырыбын оқу

             VIІІ..Бағалау

              Қорытынды

 

 

 

- 6184357

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!