Блокнот және калькулятор. Калькулятор жадысы.

17 қаңтар 2017 - Назерке Үсіпбекова

Сабақтың тақырыбы:

Блокнот және калькулятор. Калькулятор жадысы.

Сабақтың мақсаты

Блокнот бағдарламасының арналуы. Программаны іске қосу. Көшіру мен кірістіріп қою командалары. Мәтінді пішімдеу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.

Оқыту нәтижелері

ü  Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді.

ü  Өз ойын еркін жеткізе біледі.

ü  Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі.

ü  Блокнот программасы және Калькулятор қолданбасымен дұрыс жұмыс істей біледі.

ü  АКТ-ды тиімді пайдаланады.

Негізгі идеялар

Сыни тұрғыдан ойлау  салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.

Тапсырма көздері

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу (1-топ «Киіз үй», 2-топ «Компьютер» суреттері).

Үй тапсырмасын сұрау

1.      Блокнот бағдарламасын қалай іске қосамыз?

Пуск-Программы-Стандартные- Блокнот

2.      Қалай ойлайсыңдар, Блокнот не үшін қолданылады?

Мәтінді теру, түзету, пішімдеу

3.      Калькулятор бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

4.      С пернесінің қызметі қандай?

Символдарды өшіреді

«Миға шабуыл»

Жаңа тақырыпты ашу үшін слайдтан жасырылған сурет көрсетіледі.

  Оқушылар кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады.

Оқушылар блокнот пен калькулятор туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды (1-топ «Блокнот», 2-топ «Калькулятор» туралы).
Мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады.Сендер екінші жолын тауып, мақалдың толық нұсқасын тауып, блокнотқа енгізесіңдер.
Топтық жұмыс. 1-топ Планшет туралы мәтін құрастыру. 2-топ Компьютер туралы мәтін құрастыру.

6.      Сергіту сәті. Бейнеролик көрсетіледі.

7.      Қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып тапсырма беріледі. Жазған мәтіндерді блокнот бағдарламасында теру. Оқулықтағы 186-беттегі «Өзің орында!» тапсырмасын калькулятор қолданбасында  есептеп шығару.

8.      Сәйкестендіру кестесі

Бағалау

Оқушылар сабаққа деген белсендліктеріне қарай бағаланады..

Қорытынды

Блокнот бағдарламасын іске  қосу үшін   ………………………… ………………..  командаларын орындаймыз.

 Блокнотты сақтау үшін  …… …. ………. командасын ашып, сохранить қосымшасын шертеміз. 

Сақталынған құжатты ашу үшін ………………… ………… командасын орындаймыз.  Калькулятордың ……………… және ……………………… түрі болады.  Калькуляторды іске қосу үшін ……………  …………… …………………………… командасын орындаймыз.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы  27-28 тақырыпты оқып келу

Батырмалардың қызметтін жаттау.

- 6209050

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!