2015 жылы шілдеден бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

1 қыркүйек 2013 - Админ
2015 жылы шілдеден бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделін әзірлеуді тапсырды. «Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін өтеудің жаңа моделін әзірлеп, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізуді тапсырамын. Ол денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын – 28 пайызға дейін, білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысын 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке 2015 жылдың 1 шілдесінен мүгедектік пен асыраушысынан айырылуға байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға арттыруды тапсырды. Жыл сайын Елбасы жолдауынан жақсылықты күтетін ұстаздар қауымы бұл жолдауды да қолдайтындығын жеткізді. 20 жылын шәкірт тәрбиесіне арнаған Г.Ниязбаева: «Елбасының халыққа жолдауын ұстаздар қауымы асыға күтеді. Біз өз балаларымыздың болашағына алаңдаймыз. Жвл сайынға жолдауды тыңдаған сайын болашаққа сеніммен қарайтындай дәрежеге жеткенімізді жасыра алмаймын. Бар күш-қуатын шәкірт тәрбиесіне арнаған қаншама мұғалімдер бар. Олардың еңбекақысын көтеруі расында қуанарлық Ұстаздардың еңбегі оған лайықты деп білемін»,-деді.

Мұнара сайты

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаМұғалім болу арманым болды...

ҰстаздарғаҮздік мұғалім

ҰстаздарғаМұғалімге кімнің жаны ашиды?

Ұстаз үніІс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты негіздеу.

Ұстаз үніҚоғамдық қатынастардың жаһандану жағдайындағы мұғалімнің жаңа мәртебесі

- 2321627

Пікірлер (12)
Админ # 26 қаңтар 2014 в 00:45 0
Пікір жазу істеп тұр.
Жайна # 21 желтоқсан 2014 в 21:42 0
Ияяя Елбасымыз барлық жағыдайды жасап жатырғаны рас!Әлуметтік жағдайды көтеріп жатыр,дегенмен бұл мұғалім беделін арттыруға ешқандай негіз емес деп білемін.
заңдарға өзгеріс енгізіп,баламен ата-ана алдында сәлде болса мұғалімнің беделін арттырса,нұр үстіне нұр болар еді.
Дегенмен Елбасына айтар алғысымыз шексіз!Алладан қайтсыз барлық қамқорлығыңыз
Бахыт Хамзақызы # 11 қаңтар 2015 в 01:08 0
Жаңалықа толы қадам басқан Қой жылы құтты болсын,ұстаздар! Елбасы бастап,ұстаздар жанын түсінетін өзге Ел азаматтары қостап айлығымызды көтеріп-ақ жатыр. мемлекетіміздің қамқорлығына көп рақмет! Сол себепті ақшаның санына емес, білімнің сапасына көп көңіл бөліп, талапты да күшейтіп отыр.Бірақ қағазбастылықтан арыла алмай жатқан жай бар...
Майра # 13 қаңтар 2015 в 18:10 0
Мұғалімдердің жалақысын көтеретіндігі жақсы. Алайда жоғары санатты мұғалімдер ғана емес,жалпылама көтерсе деймін. Өйкені мүғалімдердің көпшілігі жастар. Ал жастар жоғары санатты емес.
жанар # 18 маусым 2015 в 16:04 0
расындада мұғалімдердің жалақысы 2015 1 шілдеден бастап өсеме?
Анар # 16 қаңтар 2015 в 09:33 0
Иә, Барлық мұғалімдердің жалақысын бідей көтерсе ғой, Қазір талап бәріне бірдей , жас ,санаты жоқ мұғалімдерде аянып қалып жатқан жоқ, керісінше жастар елдің болашағы, жалақыны жас мұғалімдерге де қосу керек сияқты!!!
алтынай # 16 қаңтар 2015 в 12:02 0
Мұғалімдердің жалақысы 2015 қаңтар айынан өседі деген ақпаратты алып бір қуанып қалдық.Бірақ бұнын арты шикіме деп ойлаймын.Себебі бұйрық шықпаса жалақыны қалай өсіреді
Айнұр # 23 қаңтар 2015 в 21:01 0
Психологтар,педагог организаторлар,социологтардың айлығы не үшін 10 пайыз қысқартылмақ,олардың айлықтары ең төмен көрсеткіште емеспе?жұмыстары да қиын,елбасының халыққа жолдауында мұғалімдердің айлығы 2015жылы 29пайызға көтерем деген сөзі өтірік болғаныма?
Айгүл # 25 қаңтар 2015 в 15:30 0
менде қаңтар айында көбейеді дегенге сенімсіздікпен қараймын.Себебі айлық көтерілмей тұрып басқа заттардың бағалары өсіп үлгереді емеспе,Сондықтан да айтылған сөз атылған оқпен тең деген .Егер көбейсе жалақымыз ұстаздар оған лайық деп санаймын.
индира # 15 наурыз 2015 в 10:13 0
Педагог-психологтардын айлыгы неге аз? Олардын истеген кыруар жумысы алатын жалакысына турмайды. Орынбасарлармен бирдей жумыс аткарады.осы жагын ескерип жалакысын неге котермейди...
қонақ # 9 шілде 2015 в 08:37 0
Мұғалімге ата-анада , қоғамда шүйлігеді.Айтар сөзім көпау бірақ тыңдар құлақ болса.ҰБТ-ға қырқүйектен дайындайды балалар үшін алаңдайды, мамыр айында жақсы тапсырса игі, тапсыра алмаса басшыдан күн жоқ.Келесі қыркүйекте дəл солай қайталана береді.Бұл жерде мұғалім не жоғалтады? Денсаулығын.Мұғалімге депутаттың 50 пайыз жалақысын төлесе дұрыс болар еді.
Галия # 22 тамыз 2015 в 15:43 0
Өте дұрыс айтасыз. Оқушыға ҰБТ үшін тіпті ата-анадан да артық шырылдайды емес пе? Оны түсініп те, бағалап та жатқан не ата-ана, не оқушы жоқ.

Блогтағы жазбалар