ҚР педагог мамандары арасындағы байқауға қатысу

3 қазан 2018 - Админ
ҚР педагог мамандары арасындағы байқауға қатысу

Ақпараттық  хат

Байқау Эл. БАҚ «Ped.kz» редакциясының бастамасымен өткізіледі.  Тіркелген тарату аймағы: Қазақстан Республикасы. Байқау аймағы – http://Ped.kz.

Байқау тақырыптары:

1. Үздік сценарий

2. Үздік тәрбие сағаты

3. Үздік мұғалім портфолиосы

4. Үздік сыныптан іс-шара

5. Үздік сабақ презентациясы

6. Үздік сабақ жоспары

7. Үздік үлгілі сабақ

Байқаудың  өту тәртібі:

Байқау  материалдарын қабылдау  2018 жылдың 03 қазан – 31 қазан  аралығында жүргізіледі. Қорытындысы 03 қараша күні жарияланады

Байқауға  қатысушылар:

Байқауға кез-келген (мектепке дейінгі білім беру  мекемелері, орта білім беру мекемелері; бастауыш  білім беру мекемелері; коррекциялық білім  беру ұйымдары; қосымша білім беру мекемелері ) оқу орындарының қызметкерлері (мұғалімдері) қатыса  алады. Қатысушылардың  жасы  шектелмейді,  педагогикалық еңбек өтілі  ескерілмейді.

Байқаудың  мақсаты:

Оқытушылық тәжірибені  таратуды  ұйымдастыруға  жәрдемдесу.

Байқаудың  міндеттері:

— тәжірибелік  материалдарды  жүйелеу  әдістерін жетілдіру;

— мұғалімдердің  шығармашылық әлеуетін  дамыту;

— тәжірибе, пікір алмасу үшін тұғырнама құру.

Байқау  жұмыстарына  қойылатын   талаптар:

Байқаудың  материалдары қазақ және  орыс  тілдерінде  электронды түрде қабылданады.

Байқау жұмыстары мәтіндік файлдар пішімінде(форматында), тұсаукесерлер  (презентациялар), фотосуреттер түрінде қабылданады.

Мәтіндік файлдар MS Word редакторында  (беттер саны 10-нан артық емес) орындалады. Мәтін өрісінде фотосуреттер, сызбалар,  кестелер,   және басқа да иллюстрациялық  көрнекі  материалдар  енгізілуіне болады.

Тұсаукесерлер MS Power Point, Flash және басқа да редакторларда (беттер саны 20-дан  артық емес)  жасалады.

Фотосуреттер JPEG / JPG, PDF форматында,  жақсы сапада  болуы тиіс. Басқа адамдардың қатысуынсыз жұмыс авторының суреті ғана  бейнеленген фотосуреттер қабылданады.

Байқау   жұмысында  қамтылуы тиіс:

Сыртқы  бетте қатысушының ТАӘ, қызметі, жұмыс  орны көрсетілуі  тиіс.

Жұмысты  қалыптастыру  кезеңінде келесі  бөлімдерді пайдалануыңызды  ұсынамыз:

•              Жұмыстың  атауы;

•              Тақырыбы;

•              Мақсаты, міндеттері;

•              Материалдар  мен құрал-жабдықтар;

•              Қатысу  формасы, қатысушылар (жас мөлшері, сыныбы);

 

Қатысушы бір  хатпен,  жеке файлдарда  үш құжатты  жіберуі  қажет: 1) өтініш; 2) байқауға  қатысатын жұмыс; 3) ұйымдастыру жарнасын төлегені жөніндегі түбіртектің  көшірмесі. Барлық үш файлды   бір архивке салып  және  оны  хатқа  тіркеп жіберу керек.

Жеңімпаздарды  ынталандыру:

Байқау  нәтижелері  бойынша  әділқазылар  алқасы жеңімпаздарды   анықтайды(І,ІІ,ІІІ-орын  алған қатысушыларды). Жүлделі  орындарға  шектеу қойылмаған. Байқауға қатысушылардың материалдары www.ped.kz сайтына жарияланады.

Жеңімпаздар қатарына  қосыла  алмаған  қатысушыларға  сертификаттар беріледі.

Марапаттау  құжаттарын  жүктеу   тек  іс-шараның қорытындысы  шығарылғаннан  соң  ғана қолжетімді   болады.  

 

Байқауға  қатысудың ережелері:

Қашықтықтан  өткізілетін  байқаулардың  Ережелерімен  мұқият  танысу  қажет.

Байқауға қатысу үшін  ұйымдастыру жарнасы   әр қатысушыға 1000 теңге.  

Байланыс телефоны: 87051050515
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған реквизиттер:

HalykBank: ИИН 901004402045

5354 5100 9114 4492       KZ070610002008625275
Киви кошелек арқылы төлем:  87051050515
Билайн номерге (87051050515) бірлік салу арқылы төлем жасау

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін оқушының жұмысына қосып pedkz@mail.ru почтасына жолдауы керек.

- 2550995

Пікірлер (6)
Эльмира # 18 қазан 2018 в 18:52 0
Сәлеметсіз мен сиздерге сәттілік тилеймин, осындай конкурс мұғалімдерге изденуге ынталандыруға көп көмек береді. Рахмет
Сая # 3 қараша 2018 в 12:24 0
3 қарашада результат шығады дегенсіз. Қай жерден қараймын результатты
Гульзира # 3 қараша 2018 в 16:38 0
Салеметсіздер ме байқау қорытындысы қашан шығады?
Сарсембай # 3 қараша 2018 в 17:41 0
Байкау кортындысы кашан шығады?
Гулсая Кабашева # 3 қараша 2018 в 18:19 0
Результатты күтіп отырмыз
Гульзира # 4 қараша 2018 в 10:59 0
Салеметсіздер ме марапаттау қағаздарын қай жерден жүктей аламыз?

Блогтағы жазбалар