Сайтқа кіру
«Талдықорғандық оқушылар Мәскеуде өткен «Ғаламшар зеректері – 2014» халықаралық олимпиадасынан олжалы оралды», – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасы.
Халықаралық додада намысты қолдан бермей, ел абыройы үшін «күрескен» жас білімдарлар Мұхтар Арын атындағы «Экономика және бизнес» мамандандырылған лицейінің оқушылары. Қазақстандық өрендер асқан зеректігімен көзге түсіп, нәтижесінде Эстония, Украина, Беларусь мемлекеттерінен қатысқан қарсыластарын басып озды. Осылайша халықаралық жарыстың жалпыкомандалық есебінде бірінші орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, халықаралық біріншілікке Қазақстаннан екі бірдей команда аттанған болатын. Бірі талдықорғандық өрендер болса, екінші топ Қарағанды қаласының оқушылары.
Бүгін жүлдегер жеткіншектерді Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов арнайы қабылдап, оларға сыйлықтар ұсынды. Ал кездесу соңынан лицей директоры Мария Галиева қала әкімі мен қалалық білім бөлімінің басшысына Олимпиада ұйымдастырушыларының арнайы дипломдарын табыстады.
Білім жаңалықтары → «Үздік мектепке дейінгі ұйым» республикалық байқауы өтеді
Жаңалықтар → Қытайлық қандастарымыз "Күміс көмей" атты ән байқауын ұйымдастырды
Жаңалықтар → ҚР БҒМ «География - менің таңдауым» байқауын ұйымдастырмағанын хабарлайды
- 4826468
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл