Семейлік жасөспірім әлемдегі ең үздік оқушылардың бірі атанды

24 қаңтар 2014 - Админ
Семейлік жасөспірім әлемдегі ең үздік оқушылардың бірі атанды
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат — Семейде Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Айнұр Мәпишева халықаралық білім тестінен сүрінбей өтіп, әлемдегі ең үздік оқушылардың бірі атанды.

Математика пәнінен бір мезгілде 175 мемлекетте өткізілген «SAT» халықаралық білім байқауында семейлік Айнұр Мәпишева 800 ұпай жинап, арнайы сертификатты иеленді. Сынақ толығымен ағылшын тілінде өткен, деп жазады 24.kz.
Үздік ұпай жинаған семейлік оқушы Гарвард, Оксфорд, Кембридж тәрізді әлемнің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Алайда Айнұр Астанадағы Назарбаев университетін таңдаған. Өйткені бұл университет білім деңгейі бойынша әлемдегі ең үздіктердің қатарында деп есептейді ол.
«Бакалавриат бағдарламасына түсу үшін осы тест тапсыру қажет. Назарбаев университетіне түсу үшін 600-ден астам балл жинау керек. Ал менің көрсеткішім — 800 балл. Енді мен бұл емтиханды қайтадан тапсырмаймын, басқа емтихандарға дайындаламын», — дейді жас дарын.

 

http://www.inform.kz/

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМорфология әлеміне саяхат

ТарихСемей қаласы туралы

- 1723092

Пікірлер (1)
Ахет Гүлден # 26 наурыз 2014 в 13:10 0
талабыңа нұр жаусын!

Үздік авторлар

1

Блогтағы жазбалар