Елбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

20 қаңтар 2014 - Админ
Елбасы жолдауда қағазбастылық жайын да айтты

 «Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс». Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті.
«Біз әкімшілік реформаны жүргізудеміз. Бұл қажет емес қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналмауы тиіс. Бүгінде әкім жұмысын бағалау миллиондаған құжатқа айналды. Мен Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрліктерінде қанша құжат айналымы болып жатқандығы туралы айтқан болатынмын. Осы мәселені қараңдар да, бұл қағаздың барлығын жойыңдар. Осы қағаздардың ар жағында кабинеттерді иеленіп отырған адамдар отыр. Үкімет аппараты Президент аппаратымен бірге осы бағытта жұмыс істеуі қажет», – деді Президент. Сонымен қатар Елбасы жергілікті жерлердегі басқару органдарына дербестікті көбірек беру керектігін атап өтті.


Сөз соңында Мемлекет басшысы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірге биылғы 1 шілдеге дейін аталған мәселелер бойынша ұсыныстар кешенін ұсынуды жүктеді. Бұл тапсырма қағаздан көз ашпайтын мемлекеттік қызметкерлер үшін де жағымды жаңалық болды деуге негіз бар. Өз есімін айтуды қаламаған мемлекеттік қызметкер өз ойын былайша жеткізді: «Қағазбастылық мәселесі осы уақытқа дейін де айтылып келген болатын. Дегемен, Елбасының бүгінгі тапсырмасынан кейін мықтап қолға алынатындығына сенемін. Мектептерде мұғалім сабақ береді ме, әлде компьютерде отырып қағаз тереді ме? Өкінішке орай екіншісіне көп уақыт жұмсайды. Расында қағазбастылықтан арылатын уақыт жетті деп есептеймін»-,деді.

Мұнара сайты

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үні​ҰСТАЗДАР ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚАШАН АРЫЛАДЫ?

Оқушы шығармашылығыМенің Президентіме менің тілектерім

ЖаңалықтарМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

ҰстаздарғаҚағазбастылықпен арпалысқан қайран ұстаз қай уақытта шәкірттеріне білім бермек?

Білім жаңалықтарыБиыл қыркүйектен бастап мектептердің қағаз жүзіндегі есептері қысқартылады

- 2562730

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар