Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концерті. Ең жарқын сәттер

21 қараша 2018 - Админ
Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концерті. Ең жарқын сәттер

Лондонда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өткен еді. Tengrinews.kz тілшісі Indigo at the O2 концерт залында өткен бірегей DQ шоуының ең жарқын сәттерін еске алады. Димаш Құдайберген 29 ән орындады, оның ішінде белгілі SOS d'ter terreen, "Адажио" мен Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әндері бар. Әнші келген қонақтарға лирикалық балладалар ғана емес, Майкл Джексонның хиттерін сыйлады, сонымен қатар оның әйгілі биін де билеп, қазақ тілінде рэп оқиды.
Димаш Құдайберген 29 ән орындады, оның ішінде белгілі SOS d'ter terreen, "Адажио" мен Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әндері бар. Әнші келген қонақтарға лирикалық балладалар ғана емес, Майкл Джексонның хиттерін сыйлады, сонымен қатар оның әйгілі биін де билеп, қазақ тілінде рэп оқиды. 
Концерт бойы Димаш бірнеше образ ауыстырып үлгерді. Алдымен алтын түстес костюммен шықса, кейін оны зүбаржат түсті костюмге ауыстырды. Ал Майкл Джексонның әндерін айтқанда totаl blаck образын таңдады, яғни қара күрте мен шалбар киіп шықты.  


Димаштың жанкүйерлері әлемнің түкпір-түкпірінен келген. Олардың бірі - Жапониядан келген түрік әйел. Ол концертке арнайы аты жазылған белгі жасатып, олармен беретін безендірген. Димаштың портретін футболкасына да басып шығарған. Ол қазақстандық жас әнші SOS d'un terrien әнін орындауымен жүрегін жаулағанын айтады. Лондонда ол өз кумирімен кездесуге және сөйлесуге сәті түскен.  
Концерт екі сағатқа созылды. Әнші шоу бойы көрерменмен қалжыңдасып, оларға қазақ тілін үйретті. Ал концерт соңында барлығын Қазақстанға қонаққа шақырды. 
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/music/dimash-kudaybergennn-londondagyi-kontsert-en-jarkyin-satter-293681/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

 

- 2562735

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар