Сайтқа кіру
Қытайда биыл 9 милион 420 мың оқушы жоғары мектепке түсу емтиханын тапсырды, (бізше ҰБТ) бұл Қазақстанда тұратын қазақтардың жалпы санына таяу.
Ал енді Қытайда бұл емтихан қалай өтеді? Осыған аздап тоқталсақ. Түлек жалпы 6 пәннен емтихан тапсырады, оқушының таңдаған бағытына (қоғамдық немесе жаратылыстану) сәйкес пәндерінде өзгешеліктер болады, әдебиет, математика, шет тілі бұл үшеуі екі бағытқа да ортақ, қоғамдық бағытты таңдағандар жоғарыдағы 3 пәнге қоса тарих, саясат, география пәндерінен тапсырса, жаратылыстану бағытын таңдағандар биология, физика, химияны қоса тапсырады.
Емтихан мемлекет бойынша бір мезгілде бас аяғы 3 күнге жалғасады. Әр күні екі пәннен тапсырады, әр пәннің емтихан тапсыру уақыты 120 минутқа созылады, сонда оқушы 12 сағат емтихан тапсырады деген сөз.
Емтихан сұрақтарының формасы бірнеше түрлі;
.
Шет тілінің емтихан сұрақтары.
.
Тарих пәнінің сұрақтары
.
Математика пәнінің сұрақтары
Бұдан сырт шет тілі мен әдебиет пәндерінде шағын шығарма жазу тапсырмасы бар. Әр тапсырмаға қанша бал берілетіндігі көрсетіліп тұрады.
Әр пәннің толық балы 150 бал, 6 пәндікі 900 бал. Жыл сайнғы білім көрсеткішіне байланысты, оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсе алатын ең төменгі шегі белгіленеді. Осы ең төменгі шектен өтсеңіз де таңдаған университетіңізде ақы төлеп оқисыз, неге дейсіз ғой, өйткені қытайда грантпен оқу деген ұғым жоқ, барлығы студент ақылы бөлімде оқиды, дейтұрғанмен студент өзін оқытуға кететін қаржының белгілі бір бөлімін ғана төлеуге міндеттеледі, қалғанын үкімет көтереді.
,
Суреттер www.gaokao.com сайтынан алынды.
Қасен Сержан
Ұстаздарға → ҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді
Білім жаңалықтары → Бүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады
Қазақ тілі → Қазақ тілінен ҰБТ-ге дайындау
Математика → Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұстаздарға → ҰБТ-ке дайындық жұмыстары туралы хабарлама.
- 4826204
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл