Биыл 1000-ға жуық мұғалім ультрабук алды

20 қаңтар 2014 - Админ

 

 Биыл 1000-ға жуық мұғалім ультрабук алды. Ал оқушылар әзірге электронды оқытуға толық көшірілмейді. Бұл мүмкін де емес. Компьютер арқылы оқуға ыңғайлы пәндердің ғана электронды нұсқасы ұсынылады.

Гуманитарлық пәндер кітаптарда сақталады. Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен мұқабасы да, парақтары да жұқа оқулықтар жарық көрмек. Және де бір кітапқа екі пәннен енгізілмек.
 
Алтынай мектеп табалдырығынан енді аттады. Ол үш тілде сөйлей біледі. Мектепке әріп танып, ағылшын тілін үйреніп, дайындықпен келді. Бұдан былай бұл тіл бірінші сыныптан бастап оқытылады. Әр бала мектеп жасына жетпей тұрып хат тануы тиіс болады.   
 
Астанадағы №56 мектепте «Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков пен Мемлекет қайраткері Әкім Ысқақтың дәрісін оқушылар ұйып тыңдады. Ұстаздарға қойылар ендігі талап — кәсіби біліктілікті шығармашылық шеберлікпен ұштастыру.   
 
Мұрат ӘбеновҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары:
Қай кезде жақсы білім қалыптасады? Тек қана кітап оқығанда емес, кітап бойынша практикалық жұмыс жасау керек. Жақсы ұстаз барлығына бірдей жете алмайды, ал интернет арқылы жетуіне болады. 
 
Араға 23 жыл салып, Білім күні Мұрат Әбенов ұстаздық етті. Вице-министрдің алғашқы мамандығы — информатика пәнінің мұғалімі болатын. Қазіргі кезде мұндай мамандар үлкен сұранысқа ие. Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы сол — информатика пәні 5-ші сыныптан бастап оқытылатын болды. 
 
Мұрат ӘбеновҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары:
Міндетті түрде мемлекеттік тілді жетік білуіміз керек. Ақпараттар ағынына ілесу үшін ағылшын тілін де білу керек. Ақпараттың көбісі ағылшын тілінде. Мен информатика пәнінің мұғалімі болған соң, бұл маған өте жақын. Өте қажет нәрсе.
 
Биыл алғаш рет оқушының жан басына шаққанда, бір көлемде ақша бөлінеді. Осылайша қаржыландыру жүйесі ретке келтірілмек.

- 1723115

Пікірлер (1)
0 # 19 сәуір 2015 в 14:47 0
Қуаныштарыңыз құтты болсын! Информатик ұстаздар сайты: http://www.infos.kz/

Үздік авторлар

1

Блогтағы жазбалар