"Жаңа жылдық шырша". "Шырша"

Іс-әрекет кезеңдері

 

          Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

          Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ортада шаттық шеңберін құрып, бәр бірге қосылып  «Шырша әнін» шырқайды.

 

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барайық, автобусқа мініп отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар, сонда ғана әп-сәтте жетеміз.

Жабық тұрған шыршаны ашып жібереді.

-Ал, кәнекей ашыңдар!

 

-Біз қайда келдік?

-Балалар, біз нені көріп тұрмыз?

-Шыршамыз қандай?

-Жапырақтары қандай?

-Түсі қандай?

-Балалар шыршаның бізге жасырған жұмбақтары бар екен.Сол жұмбақтарды тауып шешейік

Жұмбақтар.

1.Бір ақсақал жылына,

Бір-ақ ерт келеді.

Көп қызы мен ұлына,

Сыйлық әкеп береді.(Аяз ата)

2.Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар)

3.Жасыл ине киімім.

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласаң

 

Төріңдемін үйіңнің.(Шырша)

4.Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Қырау)

5.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

6.Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады.(Аяз)

Логикалық ойын: «Қыс бейнесін құрастыру»

Шарты: Балалар 3 топқа бөлініп,әртүрлі бөліктерден қыстың белгілерін бейнелеп құрайды және оны сипаттап айтады.

Дид, ойын: «Шарда жасырылған сұрақтар»

Шарты: Қағаздан умаждап қар жасап, шарға дәлдеп тигізу.Тиген шардағы сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Шыршаны мүсіндеу

-Енді, балалар, біздер осы әсем шыршаны ермексаздың көмегімен мүсіндейік.Ол үшін алдымен ермексазды 3 бөлікке бөліп алып,үшбұрыштар жасаймыз, осы үш үшбұрышты бір-біріне сатылап

жалғаймыз, сосын осы шыршамызды әсемдеп безендіріп, төбесіне қызыл ермексаздан жұлдызша саламыз.

 

 

 

 

Көздерін жұмады.

 

 

 

Көздерін ашып жіберіп, жайнап тұрған шыршаны көріп таң қалысады.

-Орманға

-Шыршаны

-Әдемі

-Тікенекті

-Мәңгі жасыл күйде.

 

Жұмбақтарды іздей бастайды.

 

 

 

 

 

 

Шешімін табады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 топқа бөлініп, берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

Қарды шарға дәлдеп тигізіп, сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүсіндеу ережелерін сақтай отырып, тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардың жұмысын бағалау.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау

Аяз атаның берген сыйлықтарын табыстау.

 

 

Жұмыстарын бір-біріне көрсетеді

 

Аяз атаның сыйлықтарын қуана-қуана алады

Күтілетін нәтиже

Біледі: Жаңа жылдық мерекенің қоғамда және жанұяда қалай тойлану керектігін

Меңгереді: Қауіпсіздік ережесін сақтауды.

Түсінеді: Мүсіндеу дағдыларын қалыптастыруды

Осыған ұқсас жазбалар:

Бастауыш«Ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру

Білім жаңалықтарыБілім министрлігі жекеменшік бала бақша ашуға шақырады

БастауышБала тілі -бал

- 3968661

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)