Қайталау сабағы 7 сынып

8 қазан 2016 - Жұлдыз Бұғыбай

7 сынып физика пәні мұғалімі Бұғыба Ж.Е.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаттары:
1) оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету
2) өз білімдерін топ алдында көрсетуге, жылдамдыққа тәрбиелеу;
3) шығармашылық қабілеттерін, зертханалық жұмыстар жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: Асық, флипчарт, оқулық, электрондық оқулық, ноудбугтар, нысана т. б.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Пәнаралық байланыс: физика, математика, география
Сабақтың жоспары:
1. Сөзжұмбақ (үй жұмысын тексеру)
2. Кім жылдам? (сұрақ — жауап)
3. Жоба қорғау.
4.Нысана.

5. Сәйкестендіру.
6. Деңгейлік тапсырмалар.

7. Тест тапсырмалары

8. Бағалау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Тренинг.

 

II. Үй тапсырмасын қайталау.
2. Кім жылдам? (сұрақ — жауап) интербелсенді тақтада оқушылар жауаптарын айтады.

 

1. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер?

А) Физикалық құбылыстары

Б) Табиғат құбылыстары,

С) Химиялық құбылыстары

2. Әлемде не бар болса, соның бәрі не деп аталады?

А) Молекула

Б) Атом

С) Материя,

3. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал — үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген итальян оқымыстысы?

А) Н.Коперник

Б) И.Ньютон

С) Г.Галилей,

4. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді?

А) Бірқалыпты қозғалыс,

Б) Бірқалыпты емес қозғалыс

С) Орын ауыстыру

5. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі?

А) Күш

Б) Зат тығыздығы

С) Деформация,

6.  Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші?

А) Ауырлық күші

Б) Үйкеліс күші

С) Дененің салмағы,

7. Сұйықтың немесе газдың қысымын өлшеуге арналған аспап?

А) Манометр,

Б) Барометр

С) Қалыпты атмосфералық қысым

8. Қысым өлшем бірлігі?

А) Н

Б) кг

С) Па

9. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама?

А) Қуат,

Б) Жұмыс

С) Күш

 

 

Топқа бөлінеді. Асықтар арқылы


3.  Интербелсенді тақта арқылы берілген сурет бойынша жоба  жасап қорғау.

 

4. Нысанаға дәл тигізу арқылы сандарына байланысты есеп тапсырмасын алады.

 

5. Сәйкестендіру.

6. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке тапсырмалар

558,582 есеп

1. Көлемі 0,8м3 дене суға батырылғанда оған қандай ығыстырушы күш әрекет етеді?

2. Суға көлемі 100см3 болатын денеге батырылған.Осы денеге әрекет ететін  ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/м3

3. Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар.Темірдің тығыздығы ρ =7900кг/м3, алкеросиндікі

 ρ =800кг/м3     

 

7.  Сабақты қорытындылау.  Электрондық оқулық арқылы тест тапсырмаларын тапсыру.


Үйге тапсырма:
Берілген парақшалардағы  № 1-3 есептер және тәжірибені орындау.
8. Бағалау.

 

- 6187161

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!