Тақырыбы: "Бейінді оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы"

 

 Бейінді оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы

 

Астана қаласы №56 мектеп-лицейі

Жапбасбаева Б.М.

 

 

Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі.

 Бейінді оқыту жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.

         Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі-бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады.

 Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды.

Бағдарланған мектеп түрлерін де еркін таңдауларына, әрі алғашқы кәсіптік мамандықтарына жол ашады.

Білім берудің үш түрін қамтиды: 1) жалпы орта білім берудің базалық ядросы болып табылатын міндетті компоненттер; 2) оқушылардың қалауы бойынша таңдау компоненттер; 3) элективтік арнайы курстар, факультативтік сабақтар болып бөлінді. .

         Бейіндік білім берудің мақсаты: Оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.

Міндеттері:

         — Оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

         — оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;

         — Оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;

         — Білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;

         — Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.

 Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.

Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыру, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім.

         Бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi шешудi қамтамасыз етеді.

         — Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту ;

         — Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;

         — Бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.

         Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады.

Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi. Қазір біз өз тәжірибемізде таңдау курсы мен элективті курс бағдарламаларын құрып, жұмыс жасалынып жатыр.

Бағдарлама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы жағдайға байланысты туындайтын шет ел тілін білудің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы және коммуникативтік біліктілікті арттыруға қажетті тілдік формаларды білуге, іскерлік, танымдык  тұрғыда қарауға негізделеді.

Бұл курстың мақсаты оқушыларды шет тілінен білім негізін жоғары оқу орнына дейінгі берілетін білім деңгейіне жеткізу болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу материалын меңгеруге ізденіс тұрғысынан қарауды қамтамасыз ететін практикалық мақсаттарды іске асыру көзделеді.

 

Күтілетін нәтиже:

-         Оқушылар және тұлғаның біліктілігін дамыту;

-         Тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады;

-         Зерттеу жұмыстарын жүргізе білуін;

-         Сөйлеу құзыреттілігін арттыру;

-         Таңдау мүмкіндіктерінің артуы;

-         Өз ой пікірлерін бағдарлы түрде жеткізе білу;

-         Проблеманы өз бетінше жобалау, оны шешу.

 

Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырудың оқушының жеке тұлғасын олардың талап-тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытудағы маңызы зор.

 

- 6184029

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!