Сайтқа кіру
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Балқаш қаласы
Лингвистикалық бағыттығы жалпы білім беретін №16 орта мектеп
Ныгманова С. Т.
Тақырыбы: І. Жансүгіров «Малта» (3 сынып).
Мақсаты: І. Жансүгіровтің «Малта» өлеңінің идеясын түсіну, ұлтттық құндылықтарымызды бағалау.
Міндеті: — І. Жансүгіровтің «Малта» өлеңін оқып, түсінігін кеңейту;
— Өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру;
— сыни тұрғыда ойлана малтаның қалай жасалатынын, пайдасы жөнінде тұжырым жасау;
— топтық жұмысқа дағдылану.
Оқып-үйренудің нәтижесі: -«Малта» өлеңін оқу арқылы оқу техникасын дамытады;
-сыни тұрғыдан ойлау арқылы өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқиды;
-Малтаның жасалуын, пайдасын біледі;
-Топтық талқыға салды, ойланады;
-Өзгелерге тыңдай отырып өз білімін толықтырады, өз пікірін айтады.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Шаттық шеңбер», «Нәтиже», «Шашу», «Бір қадам артқа», «Мәнерлеп оқу», «Топтастыру», «Мен саған, сен маған», «Күлкі терапиясы», «Бағалау парағы».
Уақыты кезеңдер | Мазмұны | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: іс-әрекеттер үшін маған не керек |
Кіріспе 5-7минут | «Шаттық шеңбер» (Сен қандайсың?). Мақсаты: Психологиялық көңіл-күйді реттеу. | Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. | Жылы, достық қарым-қатынас орнайды. | Тамаша! | Күй «Көңіл толқыны», ойыншық. |
«Мен саған, сен маған» (себеттегі сұрақтар) Мақсаты: өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары және жазылған шығарманы тексеру. | 1.Алдымен себеттегі сұрақтар бойынша жұмыс. 2.Шығарманы жинап алып, келесі сабақта нәтижесін айтатынын ескертеді. | Шығармаларын жинап береді. | Жарайсыңдар! | ||
Тұсаукесер 3 минут | «Шашу» Мақсаты: оқушылар бірлесе жұмыс атқару түсті шарлармен топтасу. | Шар таратады. Оқушылардың орналасуын қадағалайды. | Қоржыннан қолына түскен шариктердің түсіне сай екі топқа топтасады: «Көк» және «Күлгін» не өздері қойған топ аты. | Бәрекелді! | Түсті шариктер. |
Әр сабақтыңұстанымын еске салу. | Ұстаным. | Жарайсыңдар! | Ұстаным. | ||
«Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс) Мақсаты: суретпен жұмыс арқылы бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау. | Суреттер топтамасын пайдаланып, І. Жансүгіров туралы әңгімелеп көріңдер. | Оқушылар суретке қарап өз ойларын жинақтаумен болжамдарын айтады. | Жарайсыңдар! | Сурет, оқулық 53-бет | |
Негізгі бөлім. 15-17 мин. | «Мәнерлеп оқу» Мақсаты: Өлеңді сауатты әрі мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру. | Білу, түсіну тапсырмаларын ұсынады. | 1.Іштей оқиды. 2.Сауатты әрі мәнерлеп оқиды (сұқ саусақ стратегиясы). 3. Қытай парағындағы сөздерді анықтауда сандықшадағы сөздікпен жұмыс жасайды. 4.Бала неге қуанғанын айтады. | Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. | Кітап, дәптермен жұмыс. АКТ, электронды оқулық «Қытай парағы» |
Сергіту сәті «Күлкі терапиясы» биі Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту. | Ұйымдастырып, балалармен бірге сергумен ынтымақтастық атмосферасын орнатады. | Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. | Топтар бір-бірін бағалайды. | Бейнеролик | |
«Топтастыру» Мақсаты: жаңа білімді жинақтау. | Бала нені білгісі келді? Аналарың құртты қалай жасайды? Таратпа сұрақтары: 1.«Құрт қандай? cұрағына жауап беріңдер», 2. «Сүттен жасалатын тағамдар» | Топтастырып, жобалайды, сызады не салады, жазады, топта талқылайды. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, өз ойларын еркін, дәлелді жеткізе білуге тырысады. Қорғайды. | Кері байланыс. Жапсырма гүлдермен бір-бірін бағалайды яғни, «Бір жұлдыз» | желім, стикер, музыка. Флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы, АКТ, электронды оқулық, таратпа | |
Қорытынды. | «БҮБ» Мақсаты:өзіне сыни көзбен баға беруге қалыптасу | Анықтайды, ұсыныстарын есепке алады, ескереді. | Блум таксономиясы бойынша бағалау шәкілін толтырады. | Блум жүйесімен бағалау парағы | Бағалау парағы. Стикер. |
Үйге | 7-тапсырмадағы сурет пен сұрақтарды пайдаланып, «Қыс азығын жаз жина» тақырыбына өз ойын жазып келу. |
Биология → Биология пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары (7 сынып)
Бейнелеу өнері → Бейнелеу өнері пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспар
Музыка → Музыка пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспар
Химия → Химия пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары (7 сынып)
1 сынып → 1 сыныпқа Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспар (2016 жылғы жаңа бағдарлама)
- 3107280
Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!
Пәндер
Ұстаздарға
Оқушыларға
Лауазым иелеріне
Блогтағы жазбалар
Mail.ru тобымызға қосыл
Facebook парақшамыз
VK.COM тобымызға қосыл