Қыз сыны

11 наурыз 2018 - Гульжан Нуртазина

Қыз өссе – елдің көркі

8 наурыз мерекесінде

                 Нуртазина Гульжан Кажимхановна

                 Шығыс Қазақстан облысы  Көкпекты ауданы

                 Биғаш  ауылы Маяковский атындағы негізгі                     

                  мектебі

                 «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі

 

Қыз өссе – елдің көркі

 

 

(Ұлдар қыздарды ортаға алып шығады)

Жүргізуші:

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің.

І  сайысымыз: «Таныстыру»

Дильназ:

Сәлем берді сіздерге

Дильназдай ару қыз бала.

Сәлем сөздің анасы

Деген екен қай дана?

Таныстырып алайын

Алдыменен өзімді,

Мен әкемнің баласы

Көзімдегі қарасы.

Жасмин:

Ақ найманнан тараған,

Қарабас елі ұрпағы.

Апам менен атамның

Әлішердей ағамның.

Айдын мен Гауһардың

Жасмин қызы мен болам.

Нұрай:

Әкемнің мен қызымын

Нұрай деген атым бар,

Келіп тұрмын сайысқа

Сәлем беріп баршаға.

Іңкәр:

Шешім жасап жол тапқан аман-сауда

Әділқазы алқасы амансыңба?

Атам Орта жүз Іңкәрмін

Сәлем берем баршаңызға.

 

 

Ариза:

Ариза әжем қойған менің атым,

Сақтаймын әрқашанда қазақ салтын.

Бүгінгі қыз сынына мен де келдім

Иіліп баршаңызға сәлем бердім.

Абзалдың ерке қызы Аризамын

Анашым Ботагөзге мен ризамын.

Үш әпкем: Алуа, Ләззат, Айданалар

Апам бар Әлиядай үлгі алар.

Аяжан:

Әке-шешем мақтаған,

Менің атым Аяжан.

Тақпағым бар жаттаған,

Осы күнге сақтаған.

Ән де айта аламын,

Би де билей аламын.

Өзім жап-жас болсам да ,

Таудай үлкен талабым,

Өнерімді көріңдер,

Көріп баға беріңдер.

 

ІІ сайыс: «Ән және би жарысы»

Жүргізуші:

Өмірдің қызығы ойын-күлкі

Өнер десе жан салып,

Жалғастырайық сайысты

Би де билеп, ән салып.

Іңкәр: «Айгөлек» әні

Жасмин: би

Нұрай: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Аяжан: би

Дильназ: «Қошақаным қайда екен?» әні

Ариза: ән

 

ІІІ сайыс: «Ана тілім от басында» 

Жүргізуші: Егеменде ел болып, тереземіз теңесіп, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, ата-бабамыз ізін салған, әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз, мәдениетіміз қайта жаңарып жатқанда осы іс –шаралардың маңызы зор. Мемлекеттік тіл – ана тілімізді құрметтейік балалар!

Жасмин:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

 

Дильназ:

Ұлттық бейнең тіл болар,

Ұлттық байлық тіл болар.

Тілін ұмыт қалдырған,

Басқа тілге құл болар.

 

Аяжан:

Ақыл-ойын дананың ,

Ана тілден аламын.,

Ана тілін ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Нұрай:

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.

Іңкәр:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің!

Ариза:

Жанымнан да қымбат

Ана тілім маған.

Ана сөзін тыңдап,

Үлгі-өнеге алам.

ІV сайыс: «Жұмбақ жарысы»

(Қыздар біріне жұмбақ жасырады)

1. Бес балаға бір бешпет

    Бір кигізіп бір шешпек (Қолғап)

2. Ақ сандығым ашылды

    Ішінен жібек шашылды. (Күн көзі)

3. Күннен көзін алмайды

    Мойны бірақ талмайды (Күн бағыс)

4. Жерге қазақ қақтым

    Басына айдар тақтым (Сәбіз)

5. Далада жүр шапқылап,

    Керемет тым сақ құлақ

    Тек есектен басқа да

    Оған ұқсар жоқ құлақ (Қоян)

6. Бел бүкір алысқа түкір. (Мылтық)

 

V.сайыс «Менің сүйікті тағамым»: қыздардың әңгімесі

VI сайыс: би (барлық қыздардың қатысуымен орыс биі)

VII сайыс: қазақ биі

Жүргізуші:

Жаңғыртқан дәстүрімді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Бастаған қадамдарың құтты болсын

Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім.

 

Енді  Дінмұхаммед ару қыздарымызға өз тілегін, айтып батасын берсін.

 

 (Бата беріледі)

 

Әділ қазылардың шешімі шыққанша, басқа балаларымыздың аналары мен әжелерін 8 наурыз мерекесімен құттықтауларын қабыл алыңыздар.

        

 

Балғын:

Мейірімі жел жібек

Күндей ыстық құшаға,

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.

Мадина:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған.

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Заңғар:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп мені,

Құлыншағым, күнім дейтін.

Дінмұхаммед:

Тату өскен баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Нанға етсе анамыз,

Үйде жалғыз қаламыз.

Ойыншықты шашпаймыз,

Терезені ашпаймыз,

Сыртқа шығып ойнасақ,

Қаздан қорқып қашпаймыз

 

Ән: «Ақ мамам» балалар хормен орындайды.

Тілек:

Таусылмайды өлеңі,

Ертегі айтып береді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Баян:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын анашым,

8-ші наурызбен.

 

Шырын:

Ананың біз гүліміз,

Ана – біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Санжар:

Құрт пен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Ерасыл:

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де жақын маған,

Ол жанымда жүрсе, мен де,

Батырларша батылданам.

 

 

Қорытынды.

 

Әділ қазылар мүшесіне сөз беріп, балаларға марапаттау қағаздары мен сыйлықтарын тарату.

 

Іңкәр, Аяжан, Жасмин, Ариза, Нұрай

- 2347308

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 16 наурыз 2018 в 14:09 0
Шағын орталық балаларына тамаша сценрий екен. Ұнады.

Блогтағы жазбалар