Қош бол, бастауыш!

13 қараша 2017 - Гүлнур Сәменова

 

Қош бол, бастауыш!

Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «в» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 «в» сыныбын ортамызға.

(Оқушылар ортаға шығады)

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей балаларым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық

Ақбота: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата — аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
Әділет: Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді міне, ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында жоғары сыныпқа қадам басуда.

Әділет

Рахым:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.
Ақбота: Айдананың орындауындағы «Бір жұлдызың боламын» әні сіздерге арналады, аяулы ұстаздар.
Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби –еркелер.
Әділет: Аяулы аналар, ардақты әкелер Исламның орындауындағы ӘН сіздердің құрметтеріңізге. Қабыл алыңыздар!
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым
Мектебіме орналады бұл әнім.
Ақбота: Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

Әділет: Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

Ақбота: Әділет,  мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

6-оқушы:

Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жерге тез жетеміз

Төрт жыл алған білім нәрін

Азық етіп ер жетеміз!

7-оқушы:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

8-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

2 — жүргізуші 

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, — дей келе ортаға Ажарды « Мамбо файл    биімен шақырайық.

1 — жүргізуші  Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

2 — жүргізуші  Ұстаз – дана

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

1 — жүргізуші  «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

ТАҚПАҚТАР(ұстаздар туралы)

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Әділет: Ақботаның орындауында «Ұстазым» ӘНІ:

 

Апаймыз бұл мектепті басқарады,

Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы

Үлесі бар мектепті көркейтуге

Жеңіс апай сізге би жолданады

Ақбота: Назираның орындауындағы өзбек биі сіздің құрметіңізге ....

БИ:

Оқу білімге назар аударған

Жетістігімізге ерекше қуанған

Айдар ағай, Райса апайларға

 Шын жүректент алғыс жолдаймыз

Әділет: Сынып әншілерінің орындауындағы «Ұстазым» әні сіздердің құрметтеріңізге.

Ақбота: Әділет, біздің сыныптың оқушылары тек  ән салып, би билеп қана қоймайды, олардың актерлік шеберліктері де бар.

Әділет: Ақбота, неге тұрмыз? Ендеше сыныптың тапқырлар командасының өнерлерін тамашалайық.

КӨРІНІС:

 

КӨРІНІС:

Тыныш еді өмірім

Көріп сізді өзгерді

Ағылшын пән болғанда

Дүрсілдейді жүрегім

   Сөз таппаймыз айтуға

   Отырамыз қысылып

   Түсімізде жүресіз

   Сабақ сұрап, сабақ сұрап, сабақ сұрап біздерден

Сөздіктерді жаттаймыз

Сенімдерді ақтаймыз

Қанша қиын болса да

Ешқашан біз, Ешқашан біз, Ешқашан біз қайтпаймыз

    Қайырмасы

 

КӨРІНІС: Дене шынықтыру пәні

 

1 — жүргізуші     

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып

Би билейік думан ғып.Енді қане достарым орыс тілінен алған білідерімізді ортаға

Салайық!

ХОР: Учат в школе

 

Ақбота, бізге ән  салуды үйреткен ағаймызға туралы не айтар едің?

Ғалым ағай, жақсы ағай тамаша

Жақсылығы сан жетпейді санаса

Ән үйретіп, күй үйретіп, біздерге

Ақыл берген, жақсы ағай тамаша

          Сенбесеңдер сөзіме

          Қараңдаршы жәй байқап

          Ағай отыр әнекей

          Музыка ойнап, музыка ойнап

          Біздің ағай, біздің ағай, тамаша

Бұл ағайды балаларда мақтайды

Жамандауға тіл ауызы бармайды

 Қалай ғана мақтамасын балалар

Мұндай адам, мұндай адам дүниеден таппайды

          Сенбесеңдер сөзіме

          Қараңдаршы жәй байқап

          Ағай отыр әнекей

          Музыка ойнап, музыка ойнап

          Біздің ағай, біздің ағай, тамаша

 

Оқушы:

Кейде сенің көкеңдей боп, айтар барлық ақылын.

Сөйлер дауыс көтермей-ақ сабыр сақтап ақырын

Қарақат апай біздер үшін

Ең ардақты мұғалім.

2- жүргізуші Келесі тамалалайтындарыңыз Асанәлінің  орындауындағы «                  » күйі

2 — жүргізуші      Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды жасырып жүрген біздің ата-аналарымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көп болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Мама әні

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алғанбілім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

 

Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

2 — жүргізуші     

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге:

Қош қымбатты ұстазым,

Қош бастауыш мектебім!

АҚБОТА:
Білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды қорғауға, тіліміз бен салт-дәстүрімізді сақтауға
ӘДІЛЕТ:
Мәдениетті сақтауға, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектебіміздің даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ!

 

Мұғалім сөзі

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Осымен Қош бол бастауышым атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келіп тамашалағандарыңызға мың алғыс білдереміз! Енді қымбатты оқушыларым сендердің тілектерің жазылған шарларыңды әуеге ұшыруға сыртқа шығуға шақырамы

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТехнологияЖігітті жігерінен таны.

География"Географ саяхатшылар" сайысы

Қазақ тіліТіл-тірегім,соғып тұрған жүрегім!

ҰстаздарғаМахамбет оқуы

- 2347630

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар