Өмірдің алтын кілті сенде ғана

11 наурыз 2017 - Асем Молдыбаева

«Өмірдің алтын кілті сенде ғана»

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар бірінің артын бірі қатармен жүріп сахнаға шығып орындарына отырады.

Жүргізуші: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар, сымбатты арулар!Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

Армысың ару қыздар, абзал ана

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

 

Меркелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

Балалар хормен: Ана! Ана! Ана!

Мұғалім: 
Ана деген өмірдегі ұлы есім, 
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін. 
Ана деген ардақты ат, сен оны, 
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің. 
Ән: «Ақ мамам» 2- сынып

Мұғалім: біздің оқушыларымыздың сіздерге арнаған тақпақтарын  тыңдаңыздар.

 (1 сынып оқушылары)

 

Жанель:

                Маған  қымбат адам жоқ бір анадан,

                Бар жақсылық Аналардан жаралған.

                Жер бетіне өмір нәрін себуші

                Аналарға борышты ғой бар адам.

 Жәмила:

                Әжемді мейрамымен құттықтаймын

                Айтатын ән, беретін гүл дайын

                Әжетай сені жақсы көремін деп

                Ақырын құлағыңа сыбырлаймын

Ақнұр:           

                     Айналайын анашым

                     Көкте күн боп жанасың

                     Ет жүрегің елжіреп

                     Құшағына аласың,

                     Үн қатасың бал тілмен

                     Еркелеймін әр күн мен.

Жансерік :

                      Анам көркі – көгімнің

                      Ана нұры жерімнің

                      Ана бағы баланың

                     Айналайын ақ мамам.

 Ойын: «Қалай еркелетесіз?» Ортаға 2 ана шығады. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Анасы баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөздер айтуы керек. Мысалы, айым, күнім, жұлдызым, алтыным, күмісім,…,…, Көп сөз айтқан ана жеңіске жетеді.

Тақпақтар жалғасады: ( 3 сынып оқушылары)

Би  «Қыл қобыз» 4-сынып

Ойын: «Өз балаңды тауып ал»

Шарты: ортаға екі ана шығады, олардың  көздері байлаулы болады, балалар шеңбер құрып тұрады, ал аналар өздерінің балаларын сипалап тауып алу керек.

Тақпақтар  жалғасады  4 сынып

 

Мұғалім: 

Сөзімді ақын Баязиевтің «Ана туралы ой» деген өлеңімен аяқтағым келеді. 
Халқымызға билік айтар даналар, 

Даналардың өзі аналардан жаралар. 
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін, 
Сізден жақын адам бар ма, аналар?! 
Балаға ең жақыны сіз ғой ана, 
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана. 
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ, 
Теңесе алар оған Отан ғана. 
Аналарды құрметтейміз елейміз, 
Аспандағы ай мен күнге теңейміз. 
О, аналар сіздерді үлгі тұтып, 
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз, — дей келе, құрметті асыл аналар, қазір

балаларыңыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар! 
Тағы да мейрамдарың  құтты  болсын!

 

 
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»

 

Жүргізуші: Міне, құрметті Абзал жанды аналар, мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, езулеріңізден күлкі кетпесін! Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.

Хормен: Рахмет сізге анашым!

 

- 2053035

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар