"Менің атам" (ғылыми жобадан үзінді)

16 наурыз 2017 - Назерке Үсіпбекова

Астана қаласы №56 мектеп-лицейі

Ишатова Бибигуль Амангельдиновна

бастауыш сынып мұғалімі

         Атам Мейрам Асылғазы 7 қараша 1948 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданы Ақкөл ауылында туып, 1999 жылы қайтыс болған.Менің атам әйгілі Ақкөл-Жайылма өңірінің тумасы. Оқуға алғыр, зерек те талапты Мейрам орта мектепті бітіргеннен кейін жүрегі қалаған мамандығы журналистиканы үйренді. Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды. Жоғарғы білім алған соң ешқайда кетпей, туған өңірініріне ат басын бұрды. «Қызыл ту» газетіне қызметке орналасты. Әдетте қазақ өнерлі жасты «Сегіз қырлы бір сырлы» деп мақтайды. Өзгелерге үлгі-өнеге етеді. Атам дәл осындай теңеуге лайық. Редакция тапсырмаларын, басшылар тапсырмасын ойдағыдай орындап, басшылар мақтауына ие болумен бірге қоғамдық жұмыстардан тыс қалған емес. Ол кездегі жұрт шахматшыл. Шалғайда шахматтан әлем чемпиондығы үшін Карпов пен Корчной күресіп жатқан кез. Сондай-ақ, біздің редакцияда шахмат ойындары одан кем түспейтіндей тартысты. Өйткені мықтылар жеткілікті. Мықтылар

қатарында менің атам да бар. Атам шахматты керемет ойнаған. Ол менің әкемді де, әкемнің ағасын да шахмат ойнауды үйреткен. Енді мен де қазір үйренудемін.

«… Мейрағаңның  денсаулығы кейінгі  жылдары күрт төмендеп кеткен болатын. Тіпті  қолына таяқ ұстап  қалған-ды. Бірақ  бір де бір рет денсаулығы туралы мұң шағып, қиналып жүргенін сездірген емес. Жқмыстан бір күн қол үзген емес. Жаңа шығармалар жазды, көркем аудармамен айналысты. баспалардың тапсырыстарын орындады.»- деп жазған. Шынымен әкем атамды еске алып, бізге айтқанда жүзінен әкеге деген махаббат пен сағыныш сезімін қатар көруге болады. Үнемі әкем атамды өзіне және бізге үлгі етіп айтып отырады. Оқуды үйренгеннен бастап атамның шығармаларына қызығушылық таныта бастады. Оның басты себебі атамның шығармаларын әкем өсиеттей көріп, қадірлеп қайтара оқып отыратын. Тектен нәр алған тозбайды дегендей ана сүтімен әкенің өнегесімен бойына дарыған бар асыл қасиетті меніңде бойыма дарыту үшін бар ынтасын қоюда.

Жақсы ағаның жолын кеспе, жолын қу.

Жас баланың жолын кеспе, белін бу – деп қазақ халқы тауып айтқан. Қазақ халқы мен балаларына асыл мұра етіп шығармаларын қалдырған атам. Менде атам сияқты елін сүйетін,  халқына адал қызмет ететін азамат болғым келеді.

              Атам өз ісінің маманғана емес сонымен қатар қоғамдық өміргеде белсенді қатысып, жан – жақты болған. Соның дәлелі  1976-1977 жылдар аралығында Павлодар қаласында жерлесі Шәкен Рақышевпен бірге домбыра аркестірін құрды. Суретте атам домбыра аркестірінде.

Улияльм Дрепердің «Европа ақыл-ойының даму тарихы» атты кітабын қазақ тіліне аударған.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, атам үстел теннисінің шебері. Бес қабатты үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан редакцияда теннис үстеліне қалай орын тапқан деп таң қаламын. Түскі үзіліске шыққанда, сондай-aқ жұмыс аяғында қолына ракетка ұстаған. Жұрт көбіне атамның ойынын көруге келетін. Оң қолымен кішкентай шарды құлаштай соққанда-қайтарып көр!

Бәрін айт та, бірін айт. Атам қолына қара домбыраны алса, домбыраның күмбірімен айналасын баурап алады, тыңдаушының жүрегіне жол табады, әсем әуендерін тыңдай бергің келеді. Сол кездері редакция ұжымы сауықшыл. Әр нәрсені себеп етіп, той домалағын өткізіп жатады. Әсем әнмен тәтті күй көңілдің ажары. Сол той домалақта жастар, әсіресе атам ерекше көзге түседі. Қолында домбыра. Қазақтың күйлері бірінен соң бірі төгіледі. Домбыра пернесінде ойнақтаған саусақтарына қарап, өнерлі жасқа қызыға қарайды әріптестері. Атам өзі де күй шығарған. Оның күйлері: Кәкәу

 «Кәкәу» күйін орындау үстінде

Атамның шығармалары

Менің атамның шығармалары өте көп. Олар: Өзгеше бір күн Бекім, Жаңа қала тұрғындары. Жаңа қала тұрғындары екі бөлімнен тұрады.

           Және атамның өзі шығарған кітаптары бар: «Өзгеше бір күн» «Ауылдастар», «Иірім». «Ата-баба дәстүрі — ұрпаққа аманат» деген сөздің астарын әр адам өзінше түсінеді. Себебі әр отбасындағы тәрбие көзі қарияларымыз сиреп бара жатыр. сонымен қоса ана тіліміздің шұбарлануы тағы бар. Мен өз отбасыммен мақтанамын. Атам – аз жазған, аз жазса да саз жазған жазушылардың бірі. Ол тек өз кәсібімен ғана айналыспай ұрпақ тәрбиесіне де көңіл бөлген. Оның айғағы әкем мен оның бауырлары.  Атам отбасылық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай әр баласының санасына отанға, отбасына, халқына деген жанашырлықпен махаббатты қатар дарытқан. Қазақ халқаның  киелі музыкалық  аспабында ойнауға, шахмат ойнауға үйреткенінен көре аламыз. Қазақ жерінде әрбір отбасында менің атамдай асыл қариялардың болғанын қалаймын. Себебі қариясы бар үйдің қазынасы бар.

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

                                                

 

 

- 2000437

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар