әдебиеттік оқу

19 қазан 2016 - Гулшат Еденова

Сабақтың барысы

 

І. Қызығушылықты

   ояту

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

1.Психологиялық тренинг.

2. Топқа бөлу /оқушылар гүл мен күннің суреттерін таңдай отырып 2 топқа бөлінеді/

ІІ.Ой  шақыру

«Жалғастыр» ойыны.  «Ардақты Ана» өлеңін жатқа сұрау

-2 топ оқушылары бір –біріне доп беру арқылы өлең шумақтарын жалғастыра

  отырып жатқа айтып шығады

— «Ананы барлық адам неге құрметтейді?» тақырыбында жазған шығарма-

   ларын оқыту

 

ІІІ. Жаңа тақырыпқа

      дайындық

1.      Түрткі сұрақтарын беру

2.      «Құпия сөз»  ойыны арқылы оқушыларға қағаздар таратылып, «Адам» және «Табиғат» сөздері бойынша топқа бөлінеді.

3.      «Еңбекші құмырсқалар» туралы бейнетаспа көрсету

4.       Оқушылар пікірін тыңдау  /бейнетаспа бойынша/

 

ІҮ.Мағынаны тану

1.      М.Қуанышбековтың «Көптен безген көгермес» шығармасын абзацқа бөлу арқылы оқып танысады. Оқушылар топпен оқып шығады

2.      Топ алмасу. 1 топ оқыған абзацтарын 2 топқа, 2 топ оқыған абзацтарын 1 топқа түсіндіреді.

 

Ү. Ой сергіту

1 топ: — Қоңызға кездескенге дейін құмырсқа қандай еді?

2 топ: — Қоңыз бен құмырсқаны салыстыр

-          Әр топ өздерінің жазғандарын қорғайды

 

ҮІ. Сергіту сәті

«Көңілді күн» қимыл қозғалыс жаттығуы

 

ҮІІ. Автор орындығы

-          Осы мысалда құмырсқаны достары көрмей қалды делік, автор болсаңыз мәтінді қалай аяқтар едіңіз? /оқушы ойымен/

-          Осы мысал бойынша алған жақсы қасиеттеріңді ішке қалдырып, жаман жағын қағазға жазып жыртып таста.

 

ҮІІІ. Дәптермен жұмыс

Топқа тапсырма:

1 топ: Құмырсқаға хат. «Мен сен үшін ұялдым» деген сөйлемді қатысырыңыз

2 топ: Салыстыру: Құмырсқаның жалғыздық өмірі. Көппен  бірге өмірі

 

ІХ. Кері  байланыс

«Баспалдақ» арқылы өздерінің бүгінгі сабақтағы әсерлерін жеткізеді.

1.      Бұлт                    2. Күн                         3. Жарты бұлт

 

Х. Үй тапсырмасы

Мысалды мәнерлеп оқу, түсіну. 134-135 беттер

Мысалға байланысты мақал жазып келу

 

ХІ. Рефлексия

Сабақ барысында оқущылар смайликтермен, бармақ арқылы, үш шапалақ арқылы бағаланып отырады.

 

- 2347304

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар