«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

Баяндаманың тақырыбы:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып  мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

 

Қызылорда облысы.Шиелі ауданы.№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі.                                                                                    Бастауыш сынып мұғалімі Мақұлбекова Қаракөз Сейілханқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білу ғана аз, сол білгеніңді

істе қолдана білуің керек»

И. Гете.

Баяндаманың тақырыбы:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып  мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

Қазақстан  Республикасындағы  білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда»  және  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл» жоспарының мақсатын жүзеге асыруға да бағытталады. Ол мақсат оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

Бұл өзгерістерге дайын  болу  үшін  білім беру жүйесінде  қарқынды  жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді  өзгерістерге  дайындау, олардың кәсіби құзіреттілігін дамыту  біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.

Бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігіне байланысты оқытылатын пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп,  оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайды.

Құзыреттілік латынның «competentis» — бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі, яғни бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгерген, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет — қабілеттерінің   болуы.Ал, кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі.

Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Мұғалім өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік спортты, өз елінің спорт мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытуда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.

Осымен байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

· Сабақтарда ойын элементерінің қолданысын жандандыру;

· Педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;

· Әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;

· Оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

· Өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.

Бұл жұмыстардың барлығы да бастауыш сынып  мұғалімінің өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пән мұғалімі өз кәсібін терең меңгерумен қатар жақсы көру және оны үнемі жетілдіріп, кәсіби деңгейіңді көтеріп отыру қажет деп санаймын. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті.

Бастауыш сынып мектебімізде барлық оқу — тәрбие түзілімімен тығыз байланыста жүргізіліп, оқушылардың өмірінде маңызды орын алады.Тек сабақты сауатты ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізу арқылы ғана мектеп оқушыларының көркем жазулармен мен сауаттылығының дұрыс дамуына тиісті дәрежеде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды да қосымша жүргізу қажет. Біздің мектепте сыныптан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Арнайы сыныптарда жылдық жоспарлар жасалынып, пәндік үйірмелерге оқушыларды көптеп тартып, оқуға деген қызығушылықтарын ояту арқылы сабақтарын жақсы оқуға, тәртібін түзеуге көмектеседі. Атап айтқанда біз жыл сайын дәстүрлі түрде бастауыш, негізгі, жоғары сынып оқушылары арасында мектепішілік олимпиада, сайыстар көптеп өткіземіз. Бағдарламаға барлық оқу пәндері бойынша сайыстар өткізіледі. Біз мектепте өтетін әр сайыстарға оқушылардың көптеп қатысуына мән береміз. Себебі, оқу баршаға бірдей болуы- басты мақсат. Сондықтан әр оқушы осындай шараларға қатысу арқылы өзін танып, өзінің ортақ іске қатысы барлығын сезінуі керек.  

Енді өзім 20 жылдай жүргізген  жұмысыма толығырақ тоқталайын. Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі, мұндағы тарау-тақырыптар кеңейіп, тереңдей оқытып, үйретіледі.

Үйірме кезінде оқушынының кәсіби мүмкіндігі мен қызығушылығын есептей отырып, еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау. Оқушылардың сабақта ойынын ойнап қана қоймай, болашақта кәсіби бағдары болуға, білімдерін нығайтуға әсерін тигізеді. Топтық жұмыс барысында оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамытып, жеке басының шеберлігін арттыруға, олардың білімге деген жігерлерін күшейтіп, патриоттық сезімдерін оятады.

Оқушылар таңдау үшін әр оқу жылының басында оқушылар арасында жыл бойы тек мектеп ішінде ғана емес басқа аудандық, облыстық, қалалықбайқауларға жиі қатыстыруға тырысамын. Оқушылар өзара тәжірибе алмасу арқылы бір-бірімен жете танысып, оқу саласындағы жаңалықтардан құлағдар болып, дүниетанымдары кеңейеді. Тек оқушыларды қатыстырып, талап етіп қана қоймай мектепте жасағалы бері өзім де аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға жиі қатынасамын. Бұл да өзіңнің кәсіби білігіңді шыңдаудың бір түрі. Кәсіби білігіңді үнемі жетілдіру және жас ерекшелігіңе қарамастан білім деңгейіңді арттыру арқылы оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарының өсетіні сөзсіз. Алға қойған мақсатым – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

Мұндай жақсы жетістіктерге жету үшін білімді шыңдау мен үнемі қажырлы талмай еңбектену қажет. Демек, педагогикалық ізденістердің және кәсіби білігіңнің дамуы нәтижесінде оқушылардың бойында нәтижелі дене жаттығулары дағдылары қалыптасады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.      А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.

2.      Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

3.      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана. 2004. 28-б

4.      К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б

 

 

- 2000065

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар