Ы. Алтынсарин "Дүниеде жамандық неден"

21 желтоқсан 2016 - Адия Бейсенова

І. Ұйымдастыру бөлімі «Қызығушылықты ояту»
— Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және топбасшы сайлау;
— Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою.
І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік)
ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы
(бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық)
ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі
-мейірімді)
ІҮ топ: жіңішке дауысты дыбысты сызып тастап шыққан сөзді оқы ( ідеоөсетиыәқ- достық)
— Сабақтың мақсатымен таныстыру.- Балалар, біз қазір топпен өз зымырандарымызға отырамыз.Ондағы біздің мақсатымыз әлемді шарлап, зерттеп-бақылап жақсы қасиеттер жетіспеген жерлерге жақсылық сәулесін шашамыз ал, қажет болған жағдайда өзімізге керекті нәрсеге кезіксек өзімізбен бірге аламыз. Келісесіңдер ме?
— Егер келіссеңдер зымырандарға отырайық. Белдікті тақтық.
3, 2, 1, — Зымырандар ұшырылсын.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
І топ. Қаныштың кішіпейіл бала екенін дәлелде. (Ұстаздарын құрметтеуі)
ІІ топ. Қ.Сәтпаев туралы мәліметпен жолдасыңмен бөліс
ІІІ топ. Қаныш суретінде нені салды? (Ақбеттің биік құзы, Жасыбай көлі, Баянауыл)

ІҮ топ. Қаныш қай өндіріс орнына соқты және ол неше жаста болды? (Екібастұз кен орны, 13 жас)
ІІІ. Жаңа тақырып өтуге даярлық
№2 Тірек сөздермен мәтін құра: ағаш арасымен жүру, көңілсіз болу, дыбыс есту, көмекке келу, қуанышқа бөлену (І-ІІ-ІІІ топ)
ІҮ топ Қосымша шығармашылық жұмысын қабылдау Суреттерін көру және қайда өмір сүретіндерін әңгімелету: қарға, жылан, бұғы, кептер.
Бұл қандай жануарлар?
ІІІ. Жаңа тақырып:
1. Оқушыларды мәтіннің авторымен, шығармаларымен таныстыру. Топтастыру.(педагог, ақын, жазушы)
2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру
3. Сөздік жұмыс
ІҮ. Әр топқа тізбектей оқыту
Ү. — Қарға, жылан, бұғы, кептердің ой-әрекетін топтастыру және мінездеме беру.
— Сахналау
— Автормен бірге автор болу
ҮІ ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест
шешу:
1. Жақсылық пен жамандық неден болады?
а/ шөптен
б/тәннен
в/ауада
2. Ақжүрек сөзінің мағынасы қандай?
а/батыр 
б/өтірікші
в/адал, ақ ниетті
3. Тал қасында нелер кездесті?
а/жылан, сиыр
б/бұғы, жылан, кептер, қарға
в/қаз, бұғы
4. Жан-жануар қайда кездесті?
а/ орманда 
б/өзен қасында 
в/тауда
5. Екеуі бірігіп өмір сүретін құсты ата:
а/ көк кептер
бторғай
в/ қарға
ҮІІ. Рефлекция — Кімге бүгінгі сабақ ұнаса қолдарындағы фигураларды сызбаның ішіне жапсырыңдар. Қазақстанның картасы шығады
— Біз ғарыштан нені көріп тұрмыз? /Қазақстан Республикасын/ -Оның түсі туралы, Қазақстандағы бақытты өмір, бейбітшілік, достық, мейірімділік, жақсылық туралы айта келе, мемлекетіміздегі үлкен мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы атап өтіледі.
— Ғарыштан кері өз Отанымызға ораламыз.Орындарыңа отырып, белдіктеріңді тағыңдар.
Бүгінгі зерттеу жұмысы арқылы
• Не білдім?
• Не үйрендім?
ҮІІІ. Бағалау, үй жұмысы.
ІІІ-ІҮ топ мақал –мәтел І-ІІ топ автормен автор болып шығарманы жалғастыру.

Осыған ұқсас жазбалар:

ТесттерФизикалық географиядан қазақ тілінде тест. 6 сынып

Тарих10 сынып Қазақстан тарихына арналған жылдық тест тапсырмалары

ТарихҚазақстан тарихы пәнінен тоқсандық тест

БастауышЖер ғарыш денесі

ТесттерГеографиядан функционалды сауаттылығын арттыруға арналған тест тапсырмалары

- 2347328

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар