Тіршілік негізі -салауатты болашақ

12 желтоқсан 2017 - Асемгуль Каденова

Каденова А.А.

Бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қ.

(тәрбие сағаты жоспарының үлгісі)

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіршілік негізі -салауатты болашақ»

Тәрбие сағатының мақсаты:-Оқушылардысалауатты өмір сүруге, жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.-Өмірінің ең маңызды тірегі екенін, түсіндіре отырып дамыту.-Қазақстанның жарқын болашағы ұшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, слайд арқылы.

Кіріспе бөлімі:    Сәлеметсіздер құрметті қонақтар, оқушылар! Салауатты өмір сүру салтына байланысты  «Тіршілік көзі-салауатты болашақ» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

      Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы. Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан — 2050” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан — жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу — басты талап. Осыған орай тәрбие сағатымыздың маңызы зор деп ойлаймын.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:-Оқушылардың дайындығын қадағалау, -назарын аудару.

Аяулым: Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Армысың, асыл күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос  Міне, менің қолым.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

 1-топ: Шымыр             2-топ: Денсаулық

Аяулым: Көптің жүзін білгенше, Бірдің атын біл.

1.   Таныстыру.  Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

2.   «Бірінші байлық –денсаулық » сұрақ жауап кезеңі.

Аяулым: 1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

— Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.

 2.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

 -Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу

 3.Адам денсаулығын улайтын, зиянды заттарды атаңдар?-шылым, насыбай, анаша.

 4. Денсаулыққа  не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

5. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

6.  Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?7.Біз не үшін тамақтанамыз?

Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

8.Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіндер

9. Зиянды заттардың адам денсаулығына қандай залалы барын білесіңдер?

10. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңде

Аяулым: Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.

1-топқа: Дене қимылы-дәрісіз ем, Шыныға жүріп дертті жең.

2-топқа: Таза болса- табиғат,  Аман болар –адамзат.

4.   Ситуациялық жағдайлардан шығу.1-топқа:1-   жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер? 2-топқа:2-жағдаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

— Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

5.   Білігіңе сенбе, біліміңе сен! Жұмбақ шешу

1.Оң жағымда бес сарбаз, Сол жағымда бес сарбаз.  ( он саусақ)

2.Асқар тауда қара орман (шаш)    3.Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерін?(көз)

4.Екі шырақтың ортасында бір өзім?(мұрын) 5.Күмбір-күмбір қарағым,Қартайғанша жарадың?құлақ  6.Денесі жұмсақ сүйрік?(тіл)7.Бунақты көсеу, тармағы бесеу?(қол мен саусақ)

 Дидактикалық ойын: « Егер де..-не болар еді? »

-Егер де күн болмаса не болар еді?-Үнемі қараңғы, қорқыныш болар еді.

-Егер де су болмаса не болар еді?-Шөптер құрғайды, шөлдейміз.

-Егер де ауа болмаса не болар еді?- Дем ала алмаймыз.

Аяулым:-Ендеше бізге балалар күн, ауа, су өте қажет екен.

--Балалар, дүнеиде ең басты нәрсе, ең басты байлық не екен?-Денсаулық

Аяулым: Осымен балалар тәрбие сағатымызды тақпақпен ,өз сөзімізбен қортындыласақ.

Еркебұлан: Шыныққан шымыр денеміз, Күн сайын өсіп келеміз.

Денсаулық- 5 сабақ -5  Деп рапорт береміз!

Еркежан: Суық қардан онша қорқа қоймасаң, Шынығасың таза ауада ойнасаң.

 Осы кезде спортпен шұғылданып, Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.Едіге: Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.

Анель:  Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.

Даниял: Спорт біздің досымыз, Күш қайрат сыналған.Спорт біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған

Айсұлу: Денсаулық ол күлуің, Көңіл күйің жадырай.Денсаулық-ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.

Қайрат: Басты байлық-денсаулық-Бабаң айтқан даналық.Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан балалық.

Даяна: Денсаулық –ол шыныққан, Барлық денең мүшесіДенсаулық –ол тыныққан, Жүйке-тамыр жүйесі.

Нұрдаулет: Салауатты өмір салтын қолдайық,Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,

Өз өмірің өз қолыңда, ей, балалар, Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,

Дина: Біз өмірді таңдаймйз, Біз өмірді қолдаймыз. Әрқашан бар ынтамен, Салауатты қолдаймыз.Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.

Абылайхан: Денсаулықты сақтайық.Шынығайық баптайық

Тәрбие сағатын қорытындылау:

Аяулым: Денсаулығымыз мықты болу  үшін аурудан алдын-ала сақтану керектігін, спорт шұғылдану, сонымен қатар қоршаған ортамен біздің денсаулығымызға берері көп екенін білдік. ендеше сөзді жюрилерге береміз(екі топты мадақтау).

Бүгінгі тәрбие сағатымызда не жайында айттық, кәне есімізге түсірейік. «Тіршілік көзі-салауатты болашақ»-дұрыс айтасындар. Ал, деніміз сау, білімді, жан-жақты жақсы азамат болуымыз үшін, не қажет екен?( спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды заттарданаулақ болу, күн режімін сақтау, жеке бас гигиенасынсақтау).Қорыта келгенде, академик Н. М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.”Құрбы-құрдастар, егемен еліміздің

болашағы біздер.Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі-адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден  бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғарыұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден  бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

- 2347468

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар