Бастауышпен қоштасу

19 қазан 2016 - Гулшат Еденова

«Бастауышым балғын бала бастауым,

 Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым.»

Мақсаты: 
                 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған

                     білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу. 
                 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен

                     қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр

                     баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт — сапар тілеу. 
                 3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген

                     құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға

                     тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен

                     тақырып. 
 

Өтілу  барысы:

Кіріспе сөз: 
 

Құрметті ата — аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 

 

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 
Әні менен жырларына қонақтарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен  болғалы отырған  «Бастауышым балғын бала бастауым,

                  Өмірге жолды бір өзіңнен бастадым.» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 

 

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, — дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 

 

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне бастауыш сынып білімін аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы  отыр. Ортаңғы  буын  білімнің, ғылымның есігі ашылар  кезең, осы кезеңде балаларымыз  бастауышта  алған  білімдерін  жалғастырып  алып  кететініне сенім білдіремін.

 

 

Енді «Нұрын төккен 4 жыл» атты  бүлдіршіндердің қызықты күндеріне көз жүгіртейік.

 

Бүгін біздің шәкірттеріміз өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасуда, өмірде өз жолдарын  табуға сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерге сөз берейік.

 

 

 

1-жүргізуші:

 

-         Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

 

 

2-жүргізуші:

 

-         Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

 

 

1-жүргізуші:

-         Осы сен  бастауыш сөзінің не мағына беретінін түсіндіре аласың ба?

 

 

2-жүргізуші:

-         Қалай сонда?

 

1-жүргізуші:

         — Мен саған талдап беремін.

Б    -  Балалық шақта

А    — алдағы

С    — сан

Т    — түрлі

А    — армандарға

У    — уайымсыз адымдайтын

Ы   — ынталы

Ш   — шақ.

 

         — Түсіндің бе?

2-жүргізуші:

         — Сен мені таң қалдырдың. Сен бастауыш сөзін қалай талдауды білесің. Ал, сен мұғалім сөзін  талдай аласың ба?

 

1-жүргізуші:

         — Жоқ білмейді екенмін.

2-жүргізуші:

         — Олай болса тыңда.

 

М   — мұнтаздай

Ұ   — ұқыпты

Ғ    — ғұлама

А   — адал

Л   — лағылдай

І    — інжу

М  — маржандай — кісілер екенін біле жүріңіздер.

        

-         Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар  алдында бас иеміз.

1-оқушы:

           Мектеп-үйім, ұстаз -менің ата-анам,

         Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

         Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

         Тамырланып сан тарапқа тараған.

 

2-оқушы:

           Мектебім білім берер алтын ұям,

         Ер жетіп сенде сезім, артты санам.

         Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

         Әрқашан қасиетті атың маған.

 

3-оқушы:

          Мектеп-кеме, білім-теңіз,

          Барар жерге тез жетеміз

          Төрт жыл алған білім нәрін

         Азық етіп ер жетеміз.

 

1-жүргізуші:

-         Мектеп қабырғасындағы бізге білім мен тәрбие беретін ұстаздардан мейірімділікті, жақсы көруді, қадірлей білуді, кішіпейіл болуды т. б адам баласына тән жақсы қасиеттердің бәрін үйрендік.

 

2-жүргізуші:

 

-         Ел билеген ханнан, қарапайым қарияға дейін  бас иетін, құрметке ие ұстаздар қауымына қандай мақтау болса да жаралатыны сөзсіз.

 

4-оқушы:

          Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

         Басталған ақ батаңнан жас талабын

         Ұғындым ұлылықтың, даналықтың

         Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

1-жүргізуші:

-         Сәби жүрегімізбен мектебіміздің директоры  Купесов Медет ағайға, оқу – ісі меңгерушісі Жақып Жайнагүл апайға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қиясова Зоя апайға, бастауыш сыныптар әдіс бірлестік жетекшісі  Базарбаева Нұрсұлу  апайға  бас иіп шексіз алғысымызды  білдіреміз.

 

2-жүргізуші:

 

-         Бас иіп шексіз құрметпен  орыс тілі пәнінің мұғалімі Жүгінісова Айгүл апайға, дене шынықтыру пәні мұғалімі Еденов Жолмұрат ағайға, бейнелеу пәнінің мұғалімі Төлешов Әлібек  ағайға, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Рысалды апайға  алғысымызды білдіреміз.

 

Хор: «Ұстазыма»

 

1-жүргізуші:

-         Достар, біз 4 жыл бойы нені үйрендік?

 

Оқушылар:

-         Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

 

2-жүргізуші:

-         Біз нені сүйеміз?

 

Оқушылар:

-         Отанды, ата-анамызды, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді.

 

1-жүргізуші:

-         Бізді болашаққа не бастайды?

 

Оқушылар:

-         Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген сенім.

 

2-жүргізуші:

-         Біз адал азамат, оқымысты ғалым, елін-жерін сүйетін нағыз адам боламыз

 

1-жүргізуші:

 

-         Бас иіп шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және әкелерге білдіреміз. Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған, жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

         Құрметті  ата-аналар біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнімізді

          сіздерге арнаймыз.

 

Ән:  «Мама»

 

1-жүргізуші:

 

-         Бүгін біз бәріміз қуанып білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаздар дедік. Бірақ соның ішінде өзіміздің сынып жетекшіміз, алғашқы ұстазымыздың атын неге айтпасқа. Алғашқы ұстазымыз Гүлшат  апайымызға арнаған жүректен шыққан арнауымызды айтайық.

 

5-оқушы:

 

           Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз

         Әр бетін әліппесін күле ашқанбыз

         Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

         Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

           Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

         Ақылға келе алмадық ерте көніп.

         Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,

         Мектептің ережесін үйрендік біз.

 

 

 

6-оқушы:

            Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

         "А" әрпін алғаш сенен бастадым,

         Ұстазым естен кетпес мәңгілікке

         Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

 

7-оқушы:

           Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай

         Ұстазымсың жүзіңдегі нұр қандай?  

         Мейірлене қарап қойып біздерге

         Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

 

8-оқушы:

          Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

         Жирендік, ажыраттық жамандықты

         Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

         Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

 

9-оқушы:

           Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

         Бар асылым бізге жиып, мол береді

         Қанатымен су себелеп асыл жан

         Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

10-оқушы:

           Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дарашың

         Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

         Сағына әркез суреттерді парақтап,

         Шәкірттерін жиі еске алатын.

 

11-оқушы:

         Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

         Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман.

         Жатталады жан жүректе есіміңіз,

         Адамның аяулы үні сияқталған

         Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз.

         Бейнеңіз жүректерде сақталады.

         Біз әлі биіктерден көрініңіз

         Үмітпен сеніміңіз ақталады.


Хор: «Ұстазым»

 

 

 

 

 

 

1-жүргізуші:

 

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүреді де.

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтар тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.

 

Мұғалім:

-         Балалар, ертеңгі еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіңдер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз елімізді Орта Азияның  барысына айналдырып, әлемнің кез-келген елімен терезесін тең ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін.

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіне.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

1-жүргізуші:

-         Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, бүгінгі ертеңгіліктің қонақтары ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз мектебіміздің директоры М. Купесов ағайға, тәрбие жөніндегі орынбасары Қиясова Зоя апайға, оқу ісінің меңгерушісі Жақып Жайнагүл  апайымызға және біздің аяулы ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.

12-оқушы:

 

           Бастауышым — бал бұлағым,

         Алдым сенен балдың дәмін.

         Әріп танып, білім алып,

         Рахметімді жаудырамын.

13-оқушы:

         Бастауышым — бал бұлағым,

         Лаулап жанған шамшырағым.

         Өзің берген біліміңмен,

         Самғап ұшар тау қыраның.

2-жүргізуші:

-         Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, ол бір ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын  айқындайтын қоштасар сәтте жетті.Бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніТақырыбы: Шуағын төккен, төрт көктем!

БастауышБастауышым – бал-бұлағым

Бастауыш​Сарқылмас ұлылықтың бастауысың...

- 2347658

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар