Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !

19 қазан 2016 - Гулшат Еденова

Сабақтың  тақырыбы:  Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !

Сабақтың  мақсаты:      Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін

                                            қабілеттерін  дамыту. Мерекелік көңілін көтеру, елге деген  сүйіспеншілікпен

                                            бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер:                 Наурыз мерекесіне арналған суреттер, кереге, шарлар, дөңгелек үстел, сандық

                                            арқан т.б. 

                                                                       

  Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезені 
  «Көңілашар»  куйі ойнап турады.

   Наурыз келгенин хабарлау  /1 ұл, 1 қыз/

-  Бір ата-ана шашу шашады, наурыз мерекесімен құттықтайды. /Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты

   болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!/ 

-  Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге

   жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 

 

Ән: «Хош  келдің, төрлет наурызым!»

 

— Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні !» атты ашық сабағымызды

     бастауға рұқсат етіңіздер! 
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
     Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі.

     Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген 

     ұғымды білдіреді. Наурыз – тазалықтың нышаны іспеттес.

— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі,

     өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

 

 — Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
     Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
     Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
     Бұл не?  (дастархан) 

 -   Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық  тағамдары қойылады? 

 -   Бүгінгі Наурыз мерекесінде дастарханның сәні, наурыздың дәмі не?  Наурыз көже

 -   Олай болса Наурыз көжеден дәм татайық. /қонақтарға наурыз көже таратылады./

 

Жүргізуші:

 

  —  Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады.Күн көзінің

    шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.

 

Ән:  «Көктем келді»
 

Жүргізуші:

 

— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады. 

  —  Оқушылар наурыз туралы тақпақтарын айтып өтеді.

 

Би:   «Дала гүлі»

ІІ.  «Менің анам алтын» сайыс

 

Сайыс шарттары:

1.      Танысу.

2.      Ұлттық тағам

3.      Көрініс  /салт дәстүрге байланысты/

4.      Өз  өнері

  -  Әділ – қазылар алқасын сайлау. Аналардың реттік номерін білуі.
 

Ән:   «Алақай Наурыз»
 

1.  Танысу.

  -  Әр ананың ортамен танысуы.

 

2. Ұлттық тағам.

  -  Қатысушылар өзедрінің үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдарын көрсетеді.

 

 

 

3. Көрініс.

 -  Салт дәстүрге байланысты көрініс көрсетіледі.

 

Би:  «Жас аңшылар»

 

4. Өз өнері.

  —  Аналарымыз өз өнерлерін көрсетеді.

 

Ән:  «Наурыз біздің жаңа жыл»

 

— Әділ –қазылар алқасы сөз алады.

Жүргізуші:

— Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде

  «Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар.

— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп

   арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда

   жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады). Рахмет! Отырамыз! 
 

Ән:  «Наурыз біздің мереке»
 

ІII. Қорытындылау 
 

— Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып,

  жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен

  ел көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ

  ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. /дастархан батасы/


  Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
  Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп. 
  Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
  Табиғат барша жанға рахым етіп. 
  Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
  Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
  Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
  Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
  Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
  Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

— Балалар! Сендер білесіндер ме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл.Ал Жаңа жылдың иесі

  кім екенің білесіндер ме? Дұрыс мешін! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық! 
  Мешін: Көктем келді ерітіп  жердің тоңын ... 
                Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың! 
                Мешін деген момақан мақұлық қой, 
                Ескер, бірақ «Көңілді мешін» барын?! 

                Жаңа жыл меркелеріңіз құтты болсын!
— Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған кішігірім

    концертімізді тамашаланыздар! 
 

Ән:  «Наурыз көктем»

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліКөрісу дәстүрі

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Іс-шара мәліметтері"Құтты болсын,Наурыз" концерттік кеш

- 2562488

Теги: наурыз
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

17
1

Блогтағы жазбалар