Туған күн

16 қаңтар 2017 - Асель Бегимбетова
Туған күн

                                                         

Бегімбетова Әсел Болатқызы                                                                                                                                                                                                    «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

 

  Мақсаты: Балаларды туған күнді мереке ретінде көтеріңкі көңіл сыйлай білуге үйрету, жақсы тілектер айту дағдысын дамыту. Сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, ауызбіршілікке, достыққа тәрбиелеу.
  Әдіс — тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын, тақпақтар, билеу, өлеңдер айту.
Керекті құралдар: шарлар, теледидар, әдемі торт, жұмсақ ойыншықтар

 

Ойын — сауықтың барысы:
Тәрбиеші:

 Қайырлы күн, кішкене бүлдіршіндер!
Бүгінгі туған күн иелері Бекнұр мен Дархан әуеннің ырғағымен келіп өз орындарына отырады.
 Тәрбиеші:

Балаларымыз достарына өздерінің тілектерін білдірсін.


  Тәрбиеші: Бүгін туған күніміз
                    Бүлдіршіндер гүліміз.
                    Көңіліміз көркейсін
                    Көп ән, бимен жырымыз.
Сіздерге арнап «Туған күн» әнін қабыл алыңыздар.
Қоян мұңайып, көңілі түсіңкі келеді.
         Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қоян келді. Бірақ оның көңілі түсіңкі ғой, оған не болды екен сұрап көрелік?
  Қоян саған не болды, неге жабырқап жүрсің, кім сені ренжітті?
   Қоян: Бүгін менің туған күнім еді. Сендермен бірге тойлауға бола ма? Менің достарым да жоқ еді. Сендермен бірге дос болғым келеді.
   Тәрбиеші: Олай болса кел бізбен бірге бол. Біздер балалардың туған күндерін тойлап жатырмыз. Сен де туған күніңді бізбен бірге өткіз.
Би: «Көңілді қояндар»
   Қоян: Ой рахмет балалар көңілім бір көтеріліп қалды.
   Тәрбиеші: Балалар бүгін қоянның туған күні екен. Біз қоянға сыйлық сыйлайық. Балалар қоян нені жақсы көреді?

Балалар: -Сәбізді

Тәрбиеші: Ендеше балалар, ермексаздан қоянға сәбіз дайындап берейік.

Қоян: Ой балалар сендерге көп рахмет!
Тәрбиеші:

Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып тұрады.

Туған күнге сән беріп,

Шырқатып әнге салады.

Ән: «Бақытты балалық шақ»

 Тәрбиеші: Балалар сендер туған күннің ең басты тағамын білесіңдер ме?
    Балалар: Иә, ол тәтті нан.
   Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар. Олай болса сол тіпті нанды өзіміз жасап көрсек қалай болар екен.
    Ойын: «Тәтті нан жасау»
    Ойын шарты: Тәтті нанды түсті қағаздан құрастырып жасау.
Қорытынды: Мадақтау.

  

 

 


 

- 2053041

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Үздік авторлар

3
1

Блогтағы жазбалар