сыныптан тыс жұмыс

25 наурыз 2017 - Ақбота Бокашева

Мақсаты:     оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Кітап туралы ұлы ғалымдардың қанатты сөздері,  «Кітап – ақылшы досың» тақырыбында слайд – шоу.

 

Барысы:
І. Ұйымдастыру

-Саламатсыздар ма, балалар! Мен сіздерді шаттық шеңберіне шақырамын. Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.

 

Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

 

ІІ. Жұмбақтар шешу.

1)  Бір қойым бар, қаны жоқ,

     Қанатының саны жоқ.

     Адамменен сөйлесер,

     Ақылы бар жаны жоқ.

     Тілі барда үні жоқ,

     Өзін адам түсінген.

     Жүрегі бар, қаны жоқ,

     Сөйлей туған ішінен  — КІТАП
   

       2)  Қобдиында қайырлы,

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды

Қалағаның табылар  — КІТАП

 

        3) Сурет жұмбақ. Әр заттың бірінші әріптерін алып, сөз құрастыру.

                  — КІТАП
 

-Балалар, мен сендердің келешекте кітапты көп оқып, сауатты да білімді азаматтар болатындарыңа сенемін! Қанеки, балалар айтыңдаршы, кітап оқығанды жақсы көресіңдер  ме?

«Көрініс» науқас кітап

Дәрігер – Ботагөз,

Оқушы – Жеңісбек. /бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.

Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!

Дәрігер: Сәлеметсің бе?

Оқушы: Дәрігер мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап, осындай күйге жеткізіпті./жыламсырайды/

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.

Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есіңе сақап жүр.

-Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме

-Кітап беттерін жыртпа

-Тамақ ішіп отырып кітап оқыма

Дәрігер: Мен – дәрігермін, кітаптардың досымын. Кітаптарды емдеймін. Иә, иә таңқалмаңдар, біздің кітаптар ауырады. Сарғаяды, беттері жыртылады. Кітаптыңарасынан түседі, сонда көмекке мен келемін. Кітаптарды емдеймін, беттерін түзеймін, ал кітаптар бізге ренжімесіндесеңдер, онда балалар мыеа кеңестерді айтамын:

Кітапты таза қолмен ұстаңдар.

Кітаптың беттерін жыртпаңдар

Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма

Кітап және оқулықтар жақсы күйде сақталуы үшін оның сыртын қаптап  ал.

Кітапқа шимайлап, сурет салуға болмайды.

Кітаптың арасына қалам, қарындаш салуға болмайды.

Кітапты оқып болғаннан кейін кітапты уақытында тапсыр

-Оқушы: Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте сақтап, орындаймын.

-Балалар, дәрігердің кеңестерін біздер үнемі есімізде сақтап жүруіміз керек. Айтыңдаршы, біздің сыныбызда кітаптарын, оқу құралдарын таза, ұқыпты ұстамайтын оқушылар бар ма?

-Дұрыс айтасыңдар,  біздің сыныптың оқушылары өте жақсы. Олар кітаптарға үнемі қамқор боп жүреді. Ендеше  тақтаға назар аударайық...

 

Балалар, қазір біздер «Бұл қай кейіпкер?» ойынын ойнайық.

— «Құйрығымды біреу кесіп алып, құйрықсыз келе алмадым» — Мысық

— «Африкадағы аңдар ауырып қалды, соларға жедел түрде баруым керек болды»  - Айболит

— «Мен күнді көремін деп түйенің басынан түсе аламай жатқаным» — Тышқан

— «Атам мен әжемнен қашып, түлкінің аузына тап болым»  - Бауырсақ

— «Әкеме өтірік айтамын деп мұрыным өсіп кетіп, жете аламай қалдым»  - Буратино

— «Қарлығаштың балапандарын, сұр жыланнан қорғап жатырмын»  - Дәуіт

 

“Кітаптың мұңы”/иә-жоқ ойыны/

Кітап нені жақсы көреді?

— кітап қаптамасын

— лас қолмен ұстағанды

— тілмені

— қар мен жаңбырды

— ұқыпты ұстағанды

— мейірімділікті

— майлы қолды

— таза қолды

— жерде жатқанды

— кітаппен төбелесуді

— кітап сөресінде тұруды

— сүйікті оқырманды

— Ал балалар, сендерге мен үлкен рахмет айтам,  кітапты үнемі оқып тұрыңдар. Ерінбесеңдер, өскенде үлкен маман боласыңдар. Қызықты кітаптар сендерді әрдайым тосуда.

- 2347389

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар